Воскресенье, 28.04.2024

Өзекті мәселе – жемқорлық пен парақорлық

Бүгінгі таңда, қоғамда өзекті мәселенің бірі, бірегейі де – жемқорлық пен парақорлық екендігі баршамызға белгілі.Осы жемқорлықтың, парақорлықтың салдарынан жеке тұлға және қоғам, мемлекет күйреп жатқанын да білеміз. Яғни, қоғамның ішіндегі үлкен дерт те осы жемқорлық деген көзқарас туындады. Қазіргі қоғамда белең алып кеткен, көптеген мемлекеттердің үлкен бір үздіксіз, таусылмас проблема-сына айналған парақорлық, жемқорлық мәселесі – қаншама мемлекетті, қаншама адамдарды бұрыс жолға салу, қаншама адамдардың тиіссіз орын иеленуге өз септігін тигізу. Бұл шынымен де қоғамды бұзатын, құртатын дүние саналмақ. Жемқорлық – ең үлкен бір күнә. Кейбір күнәлар бар, олар тек жасаған адамның өзіне ғана зиянын, кеселін тигізуі мүмкін. Бірақ кейбіреулері күллі қоғамға, адамзатқа зиянын тигізеді. Коррупция ұғымын ауыр күнә деп атап айтсам, артық кеткенім емес…
Мен жемқорлыққа қарсымын! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.

Әлима Аманова,
Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімінің жастар
тәжірибесі бойынша маманы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *