Суббота, 27.04.2024

ОРТАҚ ПАРЫЗ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет саяси даму тұрғысынанбір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. ùғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына зор қауіп төндіретін құбылыс. Ол заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті әрбір адам өзінен бастауы тиіс. Ол үшін кез келген адам санасында күрес мәдениеті қалыптасуы керек. Бұл – адамның саналы және адамгершілікпен қарсы тұру қабілеті. Әр азамат қандай қызмет саласында отырса да «Мен еліме не беремін? Осы қоғамның, мемлекеттің дамуы үшін қандай үлес қосамын?» деген сауалдарға жауап іздеп, жұмысына, айналасына әділ қарап, адал жұмыс істегенде ғана осы кеселді толық жеңе аламыз.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дертті тоқтатудың амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады. Бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына үлес қосу және тосқауыл болу – ортақ парыз.

Айгүл ТƲЛЕНДИНА,

қала әкімінің орынбасары

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *