Суббота, 27.04.2024

Ұлытау облысында «Сапалы өнім» қоғамдық қозғалысы тұжырымдамасын іске асыру мақсатында сапалы қызметтер атқарылуда

Мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес Үкіметке, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына ішкі нарықты және отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған сауда саясатында реттеуші шараларды әзірлеу тапсырылды.

Осыған сәйкес қазіргі таңда тұтынушыларды қауіпсіз тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен «Сапалы өнім» қоғамдық қозғалысы іске қосылды.

Жобаның міндеттері:

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдерін ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға, сондай-ақ парасатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауға тарту.

Қазіргі таңда «Сапалы өнім» қоғамдық қозғалысын іске асыру барысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестіктің өкілдері «Сапалы өнім» тұжырымдамасының аясында сапасыз және қауіпті тамақ өнімдерін анықтау мақсатында облыс аумағында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.

Қоғамдық бірлестікпен Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 41-бабына сәйкес дүкендерге мониторинг жүргізіліп, жарамдылық мерзімі өткен, қазақша таңбалау жоқ және құрамы техникалық регламенттерге сай келмейтін, яғни тиісті емес сападағы тауарлар анықталып, отандық өндірушілерді қолдау және тұтынушыларды қорғау мақсатында тисті жұмыстар атқарылуда.

Өнімдерге сәйкес бұзушылықтар Ұлттық сараптама орталығымен расталған жағдайда, Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 6-2-бабына сәйкес сауда субъектілеріне бұзушылықты жою туралы және заң бұзушылық анықталған тауарларды дүкен сөрелерінен сатылымнан алып тастау жөнінде нұсқама табысталып, тұтынушыларға тиісті сападағы тауарларды ұсыну жөнінде бірқатар қызметтер іске асырылуда.

Атап айтқанда 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап жылдың аяғына дейін техникалық регламеттерге сай келмейтін 13 тауар анықталды.

Жезқазған қаласының ірі сауда дүкенінен «Простоквашино» сүзбе өнімінен қазақ тілінде ақпарат болмағаны анықталып, Тексеру нәтижелері туралы хаттама Департаментке жолданған. Департамент кәсіпкерге тауарды дүкен сөрелерінен алып тастау жөнінде бұзушылықты жою туралы нұсқама табысталып, тауарлар қазіргі таңда сатылымнан алынып тасталды.

Сонымен қатар 2024 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезеңге дейін техникалық регламенттерге сай емес 19 өнім анықталды. Нәтижесінде 15 өнім дүкен сөрелерінен алынып, кәсіпкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес шаралар қолданылды. Сонымен қатар 2 өнімге қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Оның ішінде 9 өнім Санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитетімен бекітілетін Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізуге тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бұл жұмыстар алда өз жалғасын таба береді. Біздің мақсатымыз ішкі сауда саласында тұтынушыларды қорғау, отандық өндірушілерді қолдау және Жаңа Қазақстан құру бағытында айқын бастамалармен ел сенімін ақтау.

 

Ұлытау облысы бойынша

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *