Суббота, 27.04.2024

Жолдауға-қолдау Әлеуетті арттыру – айқын мақсат

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтылған міндеттерді орындаудың нақты мерзімін белгіледі.
«Жаңа экономикалық саясатта жүзеге асуы екіталай, сондықтан ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды. Осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс. Ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Президент ауыл шаруашылығы, өңдеу саласын жедел дамыту, су тапшылығы, қорғаныс өнеркәсібі, көлік саласы туралы бірқатар мәселелерге тоқталды.
Мәселен, ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозғанын сөз етті. 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екені айтылды. Жасанды интелектінің тиімді пайдалану білім экономикасының дамуына  серпін болатыны сөз болды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке IT қызметтер экспортын 1 млрд долларға жеткізуді тапсырды. Ел әлеуеті айқын көрінетін әлеуметтік салаға келгенде, Мемлекет басшысы балалар мен жастарға айрықша тоқталды. Бастапқы білім беру капиталы мен жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыстың түбегейлі қаралуын міндеттеді.
-Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады. Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ, өзара байланыс жоқ деуге болады.
Сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Жолдауда айтылған көп міндеттің ішінде «Отбасы банк» қызметін қайта қарау, басты назарды аудандар мен моно-қалаларға, ауылдарға аудару бар. Сондай-ақ ел ішіндегі 21 банктің қатарына бәсекені арттыру үшін сенімді деген үш шетелдік қаржы ұйымын тарту ұсынылды.

Жалғасбек САЙЛАУБЕКОВ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *