Воскресенье, 28.04.2024

Қ.-Ж.Тоқаев құрылыс сапасын бақылауды арттыруды тапсырды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейту керегін айтты. «Қазір құрылыс саласында сараптама жасауды мемлекеттің иелігіне қайтару мәселесі қызу талқыланып жатыр.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндет. Құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейту керек. Бұл – анық дүние. Алайда мемлекет осы нарықты түгел иемденіп алмауы қажет. Шынайы бәсеке болуға тиіс. Үкімет барлық тараптың мүддесін ескеруі керек», – деді.
Осы ретте аймақта заманауи сауда орталығы бой көтермек. Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтарының игілігі үшін салынатын ғимарат өңірдің тұрақты дамуына ықпал етпек.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікке серпін беріп, қосымша жұмыс орындарын ашары сөзсіз. Төрт қабатты сауда орталығының құрылысын биылғы жылдың сәуір айында бастау жоспарлануда. Келесі жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беру көзделіп отыр. Жобаға сәйкес, жаңа нысан шығыс стилінде жүзеге аспақ. Ғимараттың ауданы 20 мың шаршы метрді құрайды. Орталықтан 4 залы бар кинотеатр, футкорт тамақ ішетін орын, балалар ойын алаңы және бірінші қабатта фермерлік базар орын алады. Тікелей өндірушілердің өздері тауарларын сататын болады. 2-3 қабатта киім сататын бутиктер орналаспақ. 90 орындық жерасты тұрағы жұмыс істейтін болады. Осы ретте «Ұлытау» ӘКК өңірлік қолдау институтының төрағасы А.Жөкебаев өз ойын білдірген еді.
– «Ұлытау» ӘКК өңірлік қолдау институты ретінде инвосторлармен жұмыс жасаймыз. Дегенмен бұл салада үлескерлік құрылысқа, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына, мүлік иелерінің бірлестігін реформалауға қатысты қордаланған мәселелер бар. Шағымданушылар әлі де көп. Сөйте тұра құзырлы органдар әлі күнге дейін тиісті шара қолданбай отыр. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы орайда Үкімет жыл соңына дейін нақты шешім қабылдауы керектігін баса айтты. Президент құрылыс саласының тиімсіз басқарылуы өте өзекті мәселе екендігін алға тартты. Біз де өз тарапымыздан осы бағыттарға мән береміз, – деді А.Жөкебаев жаңа нысан құрылысының басты назарда екендігін атап айтты.
Қазіргі уақытта инвестор жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс орталығында бой көтеретін ірі сауда нысаны Бейбітшілік даңғылы мен Жәлел көшесінің қиылысында салынады. Ойымызша бұл орталық өзге де кәсіпкерлерге және құрылыс саласына серпін бермек.

          

 

Расул БОЛАТ.

Суреттер автордікі.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *