Суббота, 27.04.2024

Ұлытау облысының фермерлері мал өліміне қатысты жағдайға алаңдаулы

Ауыл шаруашылығының осы және басқа да көптеген мәселелері Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасының АӨК жөніндегі салалық кеңесінде қаралды.
Ұлытау облысының мал өсірушілері үшін өз мәселелерінен бөлек — далада мал өлімінің көбеюі соққы болды. Еркін өрісте жүретін мал бірнеше фактор салдарынан өледі.
–Жауын-шашынның түсуіне және температураның төмендеуіне байланысты жылқыларды жаю қиын болды. Соның салдарынан жайылымдық жерлер жарамсыз болып, жылқыларға шөп табы қиынға соқты, — деп атап өтті АӨК салалық кеңесінің төрағасы Абзалбек Мулаков.
— Жағдайды тек ересек малдардың ғана емес, жас жануарлардың да өлуі қиындатып отыр. Фермерлер іс жүзінде күнкөріссіз қалды. Көбісі үлкен шығынға ұшырауда, — деп шағымданды ауыл тұрғындары.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен өңірге келген комиссия фермерлердің өтінішіне жауап бере отырып, өз қорытындысын өткізді.
Бұл кезеңде 60-тан астам мао қырылғаны өкінішті. Төтенше жағдайды түзету және жаңа жағдайдың алдын алу үшін қазір көптеген фермерлер малды аулада ұстайды және оны еркін өріске жібермейді. Алайда, бұл мәселеде ауыл тұрғындары таңдауға мәжбүр болды. Өйткені, бұл қиын жағдайды пайдаланып, жеткізушілер жем бағасын көтерді. Фермерлер кішкене шөпті қымбат, көтерілген бағада сатып алуға мәжбүр, бұл қалтаға әжептәуір ұруда.
Ұлытау облысының ветеринария басқармасының басшысы Әбусағид Әбдікеровтің айтуынша, жағдай туралы барлығы хабардар, облыстың аудандық аумақтық инспекцияларына бақылау жүргізілуде. Сондай-ақ, бұл маңызды мәселені облыс басшысының өзі назарға алды, әкімдік отырыстарында қаралады.
Фермерлерді ауыл шаруашылығындағы, мал шаруашылығындағы субсидиялар және АӨК саласындағы қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар бойынша жағдай да қызықтырды.

 

                                 

 

           

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *