Суббота, 27.04.2024

Сәтбаев қаласындағы №3 мектептің материалдық базасы жақсартылды

Физика кабинеті мен кітапханасы жаңа модификация талаптарына сай жабдықталған.

Жаңадан құрылған Ұлытау облысында білім саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Облыстағы ірі қалалардың бірі Сәтбаевтағы мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсартылуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс орталығы Жезқазғанның іргесіндегі Сәтбаев қаласындағы «№3 жалпы білім беретін мектебінің» физика кабинеті жаңа модификация талаптарына сай жабдықталған. Онда жаңадан үстел, орындықтар, компьютер, тақта және де лабораториялық жұмыстарға арналган приборлар бар. Үшінші қабатта орналасқан кабинетте оқушылар жетінші сыныптан бастап физика пәнін өтеді. Сондай-ақ кабинетте интерактивті тақта, проектор, маркерлік (мобильді) тақта, компьютерлік техника, веб-камера, заманауи теледидар, зертханалық және практикалық жұмыстарға арналған жиынтықтар қойылған. Кабинетте көрнекі және дидактикалық материалдарға арналған шкаф жиһазы, демонстрациялық үстелмен біріктірілген ыңғайлы мұғалім үстелі бар. Лабороториялық приборлардың біразы жаңартылып үлгерген: электр мәшинесі, амперметр, вольтметр, оптикалық құрылғылар, датчиктер комплекті, штативтер т.б. Бұл құрылғыларды әр тақырыпқа сай физика сабағында қолданып, сабақты тереңдетіп өтеді.

«Оқушылардың физика сияқты ғылымды түсінуге деген ұмтылысы осы жабдықтың сапалы жұмысына, ұсынылған макеттердің, демонстрациялық және зертханалық пәндердің әртүрлілігіне байланысты. Оқушылар ақпаратты неғұрлым толық қабылдауы үшін мұғалім оны әртүрлі әдістермен ұсынуға тырысуы керек. Бұл белгілі бір құбылыс туралы әңгіме, мәтіндік материалдар, макеттер, стендтер және, әрине, практикалық сабақтар, тәжірибелер өткізу мүмкіндігі», – дейді мектеп әкімшілігі.

Сондай-ақ бұл мектептің кітапханасы да дұрыс жолға қойылған. Мектеп кітапханасының қорында жалпы 18932 кітап бар. Соның ішінде 14509-і мектеп оқулықтары.

«2023 жылдың қаңтар айында мектеп кітапханасы жаңартылған заманауи үлгісіне сай жабдықталды. Оқушылар бос уақытта кітапханға келіп кітап оқуға мүмкіндік жасалған. Оқушылардың қолдануына арналған электрондық кітап қоры бар. Кітапханада   кітап қоятын 11 сөре, 1 үстел және 12 орындық және кітапханашы отыратын жеке қабылдау бұрышы бар», – делінген хабарламада.

Оқу жылының басында «Оқуға құштар мектеп» жоба бойынша мектептің жұмыс жоспары бекітілген. Жоспар бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, іс-шараға оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер қатысқан.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында «20 минут кітап оқы» іс-шарасы үнемі өткізіліп отырады. Сонымен қатар  «Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым», Д.Исабековтың 80 жылдығына орай «Гауһартас кітабының» желісі бойынша буктрейлер, А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына арналған «Асылдарым, алтын тұлға, ұлттың ұлы көсемі» атты көрме ұйымдастырылды. С.Торайғыровтын туғанына 130 жыл толуына орай «Асқақ арманды ақын» атты поэтикалық роман және Қ.Сәтбаевтың туған күніне арналған «Қаныш Сәтбаев ұлт мақтанышы» тақырыбында іс-шара өтті», – делінген мектеп әкімшілігінің хабарламасында.

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *