Понедельник, 29.04.2024

Интернет алаяқтық

Бөтен адамның мүлкін жымқыру, теріс жолмен алдау не болмаса заңсыз жеке бастың өзге де мүддесiне орай жымқыру, жою, бүлдiру көшіру бұл алаяқтық болып есептеледі. Жалпы қазіргі қоғамда алдау, сенімге қиянат жасау, біреудің ала жібін аттау, бөтен мүлікті ұрлау кең таралған қылмысқа айналып отыр. Оның ішіндегі қоғамға кері әсерін тигізіп жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі — ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ұялы телефонның әр жағында халықпен интернет арқылы кері байланыс жасап сауда-саттықпен қызмет көрсетіп, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің арқасында күнін көріп жүрген алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеті, әдіс-тәсілдері күнделікті өзгеріп, жаңарып отырады.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы екінші бөлігінің төртінші тармағында интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Аталған қылмыстың құрбаны болудан сақтану жөнінде қанша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, тұрғындар салымдар салу арқылы оңай олжа табу, басқа өңірлерден арзан затқа қол жеткізу мақсатында ақша аударымдарын жасап, алаяқтардың тұзағына іліну фактілері толастамай, үдей түсуде.Бұл фактілердің алдын алу үшін бірінші сақтық танытқан жөн. Сақтансан сақтаймын деген. Адам тек өзің-өзі ғана алаяқтықтан аман алып қала алады. Алаяқтың арбауына берілмей, сергелдеңге түсуден сақтану өз қолыңызда. Сақтан сансақтаймын деген.

Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *