Вторник, 16.07.2024

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Қазіргі заманымыздың үлкен қоғамдық дерті болып саналатын мәселенің бірі – жемқорлық. Жемқорлық-мемлекетіміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіретін дерт. Жемқорлық бүкіл әлемді жаулап алып, жаралаған деуге болады.

Елбасының биылғы жылғы өзінің Қазақстан халқына жолдауында «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсеткенді. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Алайда еліміздің, ұлтымыздың, ұрпағымыздың болашағы үшін бұл бағыттағы күресті бір сәтке де бәсеңсітуге болмайды. Халық пен билік арасындағы түсінік жұмыстарын кеңінен жүргізіп, бүкіл құқық қорғау органдары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара еңбек еткенде ғана ол өз жемісін бермек. Әсіресе,жемқорлыққа бір табан жақын жүретін құзіретті органдардың жұмысын жандандырып, жауапкершілігін жоғарылата түскен жөн. Халықаралық тәжірибеден көріп отырғанымыздай, сыбайлас жемқорлықты тек жазалау шараларымен жеңу мүмкін емес. Бұл бағыттағы жұмыс жемісті болу үшін билік пен азаматтық қоғамдық институттарының ынтымақтастығы, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және материалдық мәртебелерін көтеру, кадрларды жоғары дәрежеде іріктеу қажет.

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

С.М.Бухарова, 

Сәтбаев қалалық сот 

әкімшісінің басшысы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жаңалық жаршылары

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алатын орны қашанда ерекше. Қаламын қару еткен журналистер – жаңалықтың жаршысы, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *