Понедельник, 29.04.2024

ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМГЕ АПАРАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі реформалардың тұрақты экономикалық өсімге оң әсерін атап айтты. Әсіресе, жаңа экономикалық модель қалыптастыруға айрықша ден қойды.

«Реформалардың басты мақсаты – 2029 жылға таман ұлттық экономика көлемін екі есе, 450 млрд долларға дейін ұлғайту үшін 6-7 пайыз деңгейіндегі тұрақты экономикалық өсім қалыптастыру. Сөз жоқ, бұл ауқымды әрі күрделі міндет. Алайда экономикалық дамудың жемісін әр азамат сезінуі үшін бізге ұлттық байлықты әділ бөлістіру керек», деген еді Мемлекет басшысы.

Мамандардың айтуынша, бірқатар шараны іске асыру 2029 жылға қарай экономиканың өсу қарқыны мен көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. 2028 жылға қарай республиканың ЖІӨ-сі 475 млрд долларға дейін өседі деп күтілуде. Бұған, атап айтқанда, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өңдеуші өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптегі оң динамика ықпал ететін болады. Инвестицияларды игеру аясында құрылыс саласында тұрақты өсім күтілуде. Нақты сектордағы өндірісті ұлғайту қызмет көрсету секторын дамытуға ықпал етпек.

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда. Бұл ретте металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек. Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет. Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз», – деген Президент «баға емес, сапа» қағидатына басымдық беріп, дамыған мемлекеттер секілді протекционистік өнеркәсіп саясатын нақтылады. Елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейінің төмендігін айтып, сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауға шақырды.

 

Динара НӘШКЕНОВА, Сәтбаев қаласының

 рухани, қоғамдық және ұлтаралық келісім

орталығы директорының орынбасары.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *