Понедельник, 29.04.2024

Президент реформалары – саяси жаңғыруға қадам

Жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің бастауы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған саяси реформалары – елді демократияландырудың ең басты алғы шарты. Ел өміріне ауадай қажет саяси шешімдердің өз кезегінде қолға алынуы өте құптарлық.
Әділетті Қазақстан құрудағы ең басты өзгеріс әуелі Мемлекет басшысының өзінен басталғанын басым айту қажет.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы Қазақ елінің жаңаруын айшықтап, қайта өрлеудің басты бір нышанына айналды. Елде референдум өтіп, қабылдаған реформаларды іске асыру жұмысы бірден қолға алынды. Президент сайлауын өткіздік, Ұлттық құрылтай құрылды. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ел ішінде ғана емес, шет елдерде де талқыланып жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. «Біздің болашағымыз – айқын, нақты жоспарымыз бар. Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы – билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі. Осылайша, билік жан-жақты реформаларды жалғастыру үшін жаңа сенім мандатына ие болады.
Елімізді дамыту жолында тың бастамалар көтеріп, оны табысты жүзеге асыру – басты міндет. Қазір жетістікке мәз болып отыратын заман емес. Жұмысты тың қарқынмен жалғастыру керек»,- деді Президент.
Осылайша, Президент бастамалары іс жүзінде нәтиже беріп, әр тұрғын армандаған Әділетті Қазақстан құру жолындағы қадамға серпін беретін болады. Мемлекет мықты, мемлекеттілік мәңгілік болуы үшін оның ауырлығы да бір тұсқа шоғырланбай, теңгерімді түрде тең бөлінуі шарт.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты президенттік елге айналдыруға бекінуі, «Күшті Президент ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын жүзеге асыруы саяси жүйедегі тепе-теңдік және тежемелік механизмдерін елеулі түрде нығайта түсті.
Сондықтан, Президентіміздің реформалары мемлекетіміздің болашағын айқындайтын маңызды қадам. Саяси өзгерістерден ғылыми қауымдастық шет қалмауға тиіс. Жаңа әлемдегі Әділетті Қазақстанды озық біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті жастар, білікті мамандар ғана құра алады. Ел тарихындағы болып жатқан саяси реформаларға бейжай қарамай, оң өзгерістер үшін өз таңдауымызды жасап, оны жүзеге асыруына үлесімізді қоса берейік!

Нұргүл Иманғалиқызы Төкенова,
Жаңаарқа ЖББМ-нің
бастауыш сынып мұғалімі

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *