Вторник, 21.05.2024

Жаңа кезең – жүйелі реформа

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталатынын айтты. Жалпы, Президент бастамалары аясындағы маңызды реформалар соңғы бірнеше жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл қадамдар оңтайлы нәтижилерін бере бастады. Отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында да Мемлекет басшысы бизнес-қауымдастықты Жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Жаңа Қазақстан деген нені білдіреді? Бұл кейбір сарапшылар ұсынғандай, мемлекеттік аппаратты жаңарту ғана емес. Бұл, ең алдымен, қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғырту. Жаңа Қазақстан – жаңа міндет, ортақ мұрат. Оған қол жеткізу үшін әрбір азамат өз саласында сапалы еңбек етуге тиіс.
Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші – біздің азаматтарымыз, олардың Отанға деген адалдығы, еңбекқорлығы мен біліктілігі.
Президентіміз айтқандай, қазақстандықтардың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ. Осы ортақ Отанымызды одан әрі дамыту және жаңарту жолында баршамыздың жұдырықтай жұмылып әрекет етуіміз аса маңызды.
Қазақстан азаматы ретінде әрқайсымыздың да Президентіміздің алға қойған міндеттерін бірігіп жүзеге асыру біздің басты талабымыз деп санаймыз.
Ең бастысы – ел іргесі аман, жұртымыз тыныш болсын!

Тлеухор БАЙШУКЕНОВА,
Қаражал қаласының
«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» директоры

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

ЖОЛДАУ – ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты мақаласында ел дамуының негізгі бағыттары айқындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағыты барлық салаларды кешенді реформалауға бағытталған. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *