Суббота, 27.07.2024

ЖОЛДАУ – ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты мақаласында ел дамуының негізгі бағыттары айқындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағыты барлық салаларды кешенді реформалауға бағытталған.

Елбасы қыркүйектегі Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық үлгіге көшетінін мәлімдеді. Қазіргі таңда Президенттік сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсаттар мен жоспарлардың басым бөлігі орындалды. Мемлекеттің әлеуметтік саласында халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған шаралардан оң нәтижелер байқалуда. Экономикалық саладағы өзгерістер мен саяси реформалардың көрінісі халықтың қолдауын қажет етеді. Мемлекет басшысының Жолдауында ауыл әкімдерін сайлау туралы да айтылды. Мемлекет басшысы жүргізген саяси реформалардың нәтижесінде жергілікті билік – мәслихаттардың беделі мен ықпалы артып, халықтың оларға деген сенімі бұрынғыдан да артты. Ең алдымен, еліміздің сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес мәслихаттар сайлауы аралас жүйе бойынша өтті.

Өткен жылдың наурыз айында өткен

сайлауда депутаттардың 50 пайызы партиялық тізім бойынша, тағы 50 пайызы бір мандатты округтер бойынша халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланды.

Алдағы уақытта шенеуніктердің, депутаттардың, квазимемлекеттік құрылымдар мен ұлттық компаниялар басшыларының тиімділігін бағалаудың нақты көрсеткішін анықтау қажет. Бұл Жолдау Жаңа Қазақстанда Әділ қоғам құру үшін жеке тұлғаның қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттырады. Ел мен мүдде біртұтас болғандықтан, қазақстандықтардың мемлекет дамуына жаппай атсалысуы – азаматтық парыз.

 

Раушан ҚАПАРОВА,

Жезқазған қалалық

мәслихатының төрағасы.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жаңалық жаршылары

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алатын орны қашанда ерекше. Қаламын қару еткен журналистер – жаңалықтың жаршысы, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *