Среда, 15.05.2024

Президент реформасы — мемлекеттің дамуы

Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында барлық қоғамдық даму саласында зор табысқа қол жеткізді. Бүгінде егемен еліміз — экономиканы қайта құру жүйесінде ғана емес, ұлтаралық келісім үлгісі болып саналады. Конституция – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Президенттің былтырғы наурыз айындағы саяси реформалар бойынша халыққа арналған Жолдауы тұжырымдамалық тұрғыдан алғанда, ел дамуындағы бірқатар іргелі өзгерісті белгілеп берді. Атап айтатын болсақ, соңғы жылдары қарқынды жүргізіліп келе жатқан саяси реформалар жаңа сипатқа ие болып, ауқымы кеңейе түсті. Еліміз суперпрезиденттік басқару жүйесінен қуатты парламенті бар президенттік республикаға ауысады. Президенттің өкілеттілігі қысқартылып, Парламенттің екі палатасының қызметі қайта қарастырылып, Конституциялық сот құрылып, билік институттарының құзыреті теңгеріледі. Қолданыстағы сайлау жүйесі түбегейлі өзгеріп, аралас пропорционалды-мажоритарлық модельге көшті. Сондай-ақ алдағы мерзімде саяси реформалар аясында жергілікті мәслихаттардың дербестігі мен құзреттілігі артады. Бұл саяси реформаларды толығымен іске асыру елдегі қоғамдық үдерістерге оң әсер етіп, саяси тұрақтылықты арттырып, әртүрлі саяси-әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайтын партиялық жүйені қалыптастыруға ықпал етеді. Орталықта да, жергілікті жерлерде де шешім қабылдау үдерісінде азаматтық белсенділікті ынталандырады, құқық қорғау саласы күшейтеді, әкімшілік аумақтық құрылымды оңтайландырады. Елде қандай өзгерістер болмасын, бір мемлекетте өмір сүріп жатқаннан кейін бірлік туын бірге көтеріп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға тиіспіз. Біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Билік институттары мен халық етене жақын «Әділетті Қазақстанды» қалыптастыруды жүзеге асыруға бірге атсалысуымыз керек. Бұл біздің азаматтық борышымыз деп есептеймін.

Ардақ Досаева,
Орынбай ауылдық округінің жетекші маманы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жолдау – жарқын күндер жоспары

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Əділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *