Воскресенье, 28.04.2024

Жаңа кезең, жаңа реформамен

«Президент реформалары-жаңа кезеннің бастауы» Президент атап өткеніндей, еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындылды. Бастамалар жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Бұл мәселелер халық тарапынан көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және Мәслихаттар сайлауы өтті. Конституцияға толықтыру және өзгерістер енгізуге қатысты референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Биліктің барлық институтының жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастауына септігін тигізеді. «Қай кезде де мемлекетті құрайтын халық. Сондықтан да ең бірінші қарапайым жұртшылықтың мұқтаждығына құлақ асу, өтініштерін орындау басты мақсат. Ел Президенті реформалар ең алдымен, барлық қазақстандықтың өмір сүруі мен әлауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өтті. Жаңа бастамалардан халық, өзі күткендей, оң өзгерістер, жаңа лепті сезінді. Елдің жарқын болашағына жол ашатын өзекті мәселелердің барлығы осы реформаларда қамтылды. Экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, ел ішінде ұлттық өндірісті жолға қою, қоғамдық әл-ауқатты арттыру, тұрақты жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік қамтамасыз ету бағытында әлі де күрмеуі шешілмеген мәселелер баршылық. Сондықтан бұл мәселелер ғылыми қоғамдастық, экономист-ғалымдар тарапынан терең зерделеніп, экономикалық саясатқа ғылыми негізделген тиісті ұсыныстар жасалса, бұл да жаңа «қоғамдық келісімнің» тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Қазақстанның бірлігін ойлаған Президентіміздің ел болашағы үшін алға қойған мақсаттарын орындайтынына сенімдіміз. Халқымыздың тұтастығы мен бірлігін сақтау және еліміздің көркейіп, өркендеуі үшін қоғамның барлық саласында жүргізілетін реформаларға қолдау көрсету басты міндет.

Мерей АСАНОВ,
Бидайық ауылдық округі, белсенді жас

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *