Воскресенье, 28.04.2024

АЛҒЫС АЙТУ адамдықтың белгісі

1 наурыз – елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді. Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.
2016 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні, яғни, 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды. «Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас» деген дана ата-бабаларымыз. Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын көрінісі. Алғыс алудың бақыт пен жақсылықтың бастауы екендігін ұрпақ санасына сіңіретін сәт.
Алғыс айту – сенімді, сыйластықты арттыратын құрал. Адамның жан дүниесін тазартатын, жүрегін жұмсартатын, мейірімін оятатын сауапты іс. Әсіресе бір мүддеге негізделген, бір құндылықты бөліскен, бір мекенді ортақ Отан еткен адамдар арасындағы алғыс пен сыйластық қоғамның рухани тыныштығына, бауырмалдыққа жетелеп, Алланың ризашылығына қауыштыратын амал. Сондықтан айналамызға алғыспен қарау, басымызға келетін көптеген қарғыстан құтылудың жолы екенін естен шығармағанымыз дұрыс.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *