Четверг, 21.11.2024

Жаңалықтар

Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары мақұлданды

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі Үкіметпен бірлесіп Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі. Аталған құжат 9 бағыт бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды. Олардың ішінде индустриялық-инновациялық даму, минералдық-шикізат базасын кеңейту, кәсіпкерлікті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік инфрақұрылымы, әлеуметтік инфрақұрылым және т. б. Облыс …

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор. Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні – халқымыздың рухын …

Читать далее »

Саладағы соны өзгерістер дамуға бастайды

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова іссапармен арнайы Ұлытау облысына келіп, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Оның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың қыркүйегінде «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмалардың жүзеге асырылуы және Әлеуметтік …

Читать далее »

Жиһанкез қария елге оралды

Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында Қазақстанды жаяу аралаған саяхатшы Сәрсенбай Қотырашевқа құрмет көрсетілді. 72 жастағы ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспий теңізіне дейін барған. Ол алты ай ішінде 8000 шақырым жол жүріп өткен. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрі мен қолөнерін танытып, дамуына ықпал ету …

Читать далее »

Жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті

Күзгі әскерге шақырту науқанының басталуына байланысты қаламыздағы «Даңқ» алаңында жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті. Аталған іс-шараға сарбаздардың ата—аналары қатысты. Қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина және ауған соғысының ардагерлері Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы тұрған 15 сарбазға ақ жол, сәт-сапар тіледі!

Читать далее »

«Қарттарым – асыл қазынам»

Бүгін қаламыздағы Достық үйінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай түрлі сала ардагерлеріне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Салтанатты жиынды Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина құттықтау сөзбен ашып, ардагерлерді атаулы мерекемен құттықтады. Қаланың қоғамдық-мәдени іс-шараларына белсене қатысқан бір топ еңбек ардагері алғысхатпен марапатталып, оларға …

Читать далее »

Тиімділігі мол игілікті шара

Сәтбаев қаласының тұрғындары арасында жұмыссыздықты жою, азаматтарды жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында өткен жұмада облыстық деңгейде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Оған қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар, мүгедектігі бар адамдар мен жастар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар және алимент бойынша …

Читать далее »

Парасаттылық  пен әділдік үлгісі                        

Қала әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Берік Ахметов мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесті. – Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Президент Жолдауында қойылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізетін департамент Ұлытау облысында осы бағыттағы жұмысын жалғастыруда. Мемлкеттік қызмет қоғамда үлкен орын алады. Еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына тікелей …

Читать далее »