Воскресенье, 4.06.2023

Қоғам

Президент реформасы – өміршең өзгерістер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүйелі реформасы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күннің жаңа беталысын айқындағаны анық. Өмір сүріп отырған əлеуметтік құрылым негіздерін жоймай, қоғамның, өмірдің кейбір жағын жетілдіру, дамыту мақсатында қайта өзгертулер енгізілді. Осы жайында 2022 жылдың 1 қыркүйегінде жарияланған «Əділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылды. Бағдарламада …

Читать далее »

Халықтық реформа халық игілігіне қызмет етеді

Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстан саяси жаңғыру жолына аяқ басты. 2022 жылдың 16 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы Қазақ елінің жаңаруын айшықтап, қайта өрлеудің басты бір нышанына айналды. Елде референдум өтіп, қабылдаған реформаларды іске асыру жұмысы бірден қолға алынды. Президент сайлауын …

Читать далее »

Президент реформалары: Айқын бағыттар Ұлттық қор балаларға бағдарламасы – Ұрпақ келешегінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауындағы ең маңызды бастамасының бірі – «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы болды. Президенттің сөзінше, бұл жоба арқылы Ұлттық қор шын мәнінде ұлттық мәртебесіне сай болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Осыны жан-жақты қарастыра отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырды. 12 желтоқсандағы Үкіметтің …

Читать далее »

«ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА» бағдарламасының ұтымды тұстары

САЯСИ РЕФОРМАЛАР: әділдік, ашықтық, жариялылық   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті қоғам, Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында ел болашағы –балаларға мем­лекеттің қамқорлығы, жан-жақты жағдай жасауы өте маңызды екеніне ерекше тоқталды. Осы мақсатта «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама қабылданатынын да айтты. «Біз Ата Заңымызда жер мен табиғи …

Читать далее »

Майра ЖАППАСБАЕВА, медицина және ақпарат салаларының ардагері: «ҚАЙ САЛАДА БОЛСЫН АДАЛ ЕҢБЕК ЕТТІМ»

Көпшілік Майра Жаппасбаеваны еңбек ардагері, қоғам белсендісі ретінде таниды. Бірақ, оның қарапайым болмысы мен қызығатын қырларын білетіндер аз. Сондықтан «Сыр сұхбаттың» бүгінгі алаңына Мәкеңді арнайы шақырып, орамды ойларын тыңдағанды жөн көрдік. Оның үстіне, Майра Сұмағұлқызы биыл 70 жасқа толып отыр. – Жетпіс жасыңыз құтты болсын! – Рахмет. Жетпіс деген бір …

Читать далее »

ЖЫЛУ БЕРУ: бүгінгі жайы және алдағы жоспар

Сәтбаев қалалық Қоғамдық кеңестің биылғы жылғы алғашқы отырысы кеншілер қаласындағы «Жылыту маусымының барысы және 2023 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы» мәселені қарады. Күн тәртібіндегі мәселн бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Кенжеғұлов, «Kazakhmys Distribution» ЖШС жылу электрорталығының бас инженері Жарқын Керімбеков «Сәтбаев жылу, …

Читать далее »

Жиһанкез қария елге оралды

Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында Қазақстанды жаяу аралаған саяхатшы Сәрсенбай Қотырашевқа құрмет көрсетілді. 72 жастағы ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспий теңізіне дейін барған. Ол алты ай ішінде 8000 шақырым жол жүріп өткен. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрі мен қолөнерін танытып, дамуына ықпал ету …

Читать далее »

Жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті

Күзгі әскерге шақырту науқанының басталуына байланысты қаламыздағы «Даңқ» алаңында жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті. Аталған іс-шараға сарбаздардың ата—аналары қатысты. Қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина және ауған соғысының ардагерлері Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы тұрған 15 сарбазға ақ жол, сәт-сапар тіледі!

Читать далее »