Вторник, 21.05.2024

Өтінім бойынша Жария тыңдаулар өткізу туралы

Тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, электр энергиясын берудің реттеліп көрсетілетін қызметіне 2024-2029 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ өтінімі бойынша
Жария тыңдаулар өткізу туралы

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, электр энергиясын берудің реттеліп көрсетілетін қызметіне 2024-2029 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ -ның түскен өтінімі бойынша жария тындаулар өткізеді.

Жария тындау 2024 жылы 24 мамырда сағат 15.00 -де Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 35 үй, «AMANAT» партиясы» ҚБФ ғимараты, 3 қабат мекенжайында өтеді.

Сонымен қатар, қоғамдық тыңдау Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн режимде қатар таратылатын болады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100086031623395&mibextid=dGKdO6).

Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Жария тыңдауларға қатысушылар тарифтің және тарифтік сметаның жобасы туралы, сондай-ақ экономикалық негізделген есептеулермен тарифтің өзгеру себептері туралы ақпаратты бекітуге «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ табиғи монополия субъектісінен сұрауға құқылы.

Департаменттың байланыс телефоны: 8 (7102) 76-02-47.

«Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ байланыс телефоны: тел.:
8 (7102) 76 32 25

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

ЖОЛДАУ – ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты мақаласында ел дамуының негізгі бағыттары айқындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағыты барлық салаларды кешенді реформалауға бағытталған. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *