Пятница, 3.05.2024

Қоғам өзгеріске бет алды

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫ: айқын бағыттар

 Осыдан екі-үш жыл бұрын Қазақстанда дәл осындай саяси серпілістер болады деп ойлаған да жоқ едік. Бәрі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру» атты Жолдауын басталды.

Осы маңызды құжат арқылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жаңарудың жаңа үлгісін ұсынды. Жаңа Қазақстан идеясының басты ұстанымдары мен бағыттарын жариялады. Осылайша Қазақстан тарихындағы ірі өзгеріс кезеңі басталды. Соңғы бірер жыл ішінде ел іші саяси оқиғаларға толы болды. Референдум өткізілді. Президент қайта сайланды. Үкімет құрамы өзгерді. Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, негізгі бастамаларға қадам жасалып жатыр. Шынымен де қоғам өзгеріске бет алды. Еліміздің тұрғындары бүгінде бұған көз жеткізіп отыр.

Халық орындалмайтын уәдеден, нәтижесіз іс-шаралардан әбден шаршаған кезде, үмітсіздікке бой алдырған сәтте Президенттің бастаған реформалары елге жаңа леп әкелді. Мемлекеттің саяси әлеуметтік жүйесіне өзгеріс, басқару тетіктеріне жаңа талаптар енгізу қажеттігін сезініп жүрген кезеңде Президенттің жасаған батыл қадамдары қазақстандықтарға тың серпіліс берді.

Қазіргі таңда саяси жүйеміз жаңа жағдайларға біртіндеп бейімделіп келеді. Мемлекеттік институттар жүйесін түрлендіруге, азаматтық белсенділікті арттыруға елде жаңа саяси мәдениет қалыптастыру басталып кетті. Бұл Қазақстанды жаңа деңгейде көрсетуге жасалып жатқан үлкен баспалдақ.

Ізтай Белгібайұлы.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ардагер дойбышылар бас қосты

Ұлы Жеңістің жалауы желбірегеніне биыл 9 мамырда 79 жыл толады. Осы айтулы күнге орай «Қазақмыс» …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *