Среда, 8.05.2024

Президент реформалары- өзгерістер бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдаған әр Жолдауы үлкен рөл атқарады. Былтырғы Жолдаулардағы бағыттар, саяси саладағы өзгерістер, Үкіметке жүктелген тапсырмалар – бәрі де халық үніне құлақ асатын, елмен етене болып, мемлекет тұрғындарының сұранысын қанағаттандыра алатын мемлекетті орнықтыру міндетінен туындап отырғаны анық. Президентіміздің Жолдауы барысында айтылған міндеттеме саяси болсын, экономикалық болсын реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, ондағы басты байлық халықтың конституциялық құқықтарын күшейтуге, олардың азаматтық белсенділіктерінің қалыптасуына, халықтың әлеуметтікэкономикалық жағдайының тұрақты әрі жақсаруына бағытталған. Негізгі мақсат жаңа Қазақстанымыздың әр азаматы жайлы өмір сүріп, жарқын болашаққа нық қадам басып, мемлекетімізбен біртұтасқа айналып, бақытты ғұмыр кешуі. Өткен жылы ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Ата заңға бірқатар өзгерту енгізілді. Ата Заңға енетін өзгерістер халық талқысына салынды. Ол референдум арқылы қабылданды. Елімізде референдум соңғы рет 1995 жылы өткен болатын. Ата Заң-Конституция сол референдумда бекітілген болатын. Референдум барысында еліміз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алды. Бүгінде Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекет басшысы ешқандай партияға мүше емес. Мұндай норманың енгізілуі саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайтыны анық. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мақсатында елімізде Конституциялық сот құруды ұсынған болатын. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болды. Бұл азаматтардың конституциялық құқығының қорғалуын жақсарта түсті. Сонымен бірге мемлекет басшысы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша мән беретінін көрсетіп, өлім жазасына тиым салды.
Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылып, депутаттардың жартысы бір мандаттық округтардан, қалған жартысы партиялық тізім бойынша сайланды. Мемлекет басшысының реформаларының бірі үш жаңа облыстың құрылуы бұл сол аймақтағы тұрғындардың көптен күткен армандарының орындалуымен ұштасты. Жалпы ел экономикасының қарқынды дамуы үшін барлық аймақ бірдей дамуы тиіс деген мемлекет басшысының жаңа облыс ашуы сол аймақтарға тың серпіліс берді. Жаңа облыстардың бірі бұл біздің – Ұлытау облысы. Қазіргі таңда жаңа облыста жаңа бағыттағы жұмыстар қарқын ала бастады. Ауданымызда спорткомплекс бойкөтеруде. Ауылдарға салынатын жайлы мектеп, балалар алаңы, әр ауылдарда іргетасы қаланған көпбалалы отбасыларға арналған баспана салу жаңа облыстың бастамаларының алдыңғы легі. Былтырғы балалар жылы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Жолдауында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды. Бала 18 жасқа толғанға дейін баланың есепшотына аударылатын болады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасқа толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалмақ. Бұл қаражат өскелең ұрпақ үлкен өмірге қадам басқан тұста қаржылай қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл бағдардама алдағы уақытта өз жұмысын бастап, мемлекетіміз отбасындағы 18 жасқа дейінгі әр балаға қаржы төлейтін болады. Конституциялық реформа еліміздің мемлекеттік құрылымының тұғырын нығайтып, азаматтық қоғамның дамуына жол ашты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай аудан басшылары қазіргі таңда ауылдар арасында жиі болып, ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектерін, сұрақтарын, пікірлерін тыңдап, олардың сұранысын қанағаттандыруға жұмыс жасауда. Халықтың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің болашағын баянды етуді көздеген Жолдау халықтың қолдауына ие болды. Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын халыққа ұсынды. Жаңа
жарияланған Жолдауда да ел игілігіне жұмсалатын жұмыстар көп. Халықтың тұрмысы түзелсе мемлекет нығая түспек. Олай болса әр Жолдау-жарқын болашақ кепілі.

Салтанат Ералина

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ардагер дойбышылар бас қосты

Ұлы Жеңістің жалауы желбірегеніне биыл 9 мамырда 79 жыл толады. Осы айтулы күнге орай «Қазақмыс» …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *