Вторник, 30.04.2024

Жаңа Жолдау – жаңа өзгерістердің бастауы

Жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған батыл қадам болмақ. Халық осыны күтіп отыр. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ атап өткендей, барлық саладағы тоқырау тығырыққа тіреді. Жалпы, мемлекеттің саяси-əлеуметтік жүйесіне өзгеріс көптен қажет еді. Басқару тетіктерінде де жаңа талаптар енгізу керек болды. Көпшілік нəтижесіз іс-шаралардан əбден шаршады. Орындалмайтын уəделер үмітсіздікке əкеліп соқты. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында осы мəселеге айрықша тоқталды.

Жаңа Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған Мемлекет басшысы бұл өзгерістер жұртқа жақсы көріну үшін жасалмайтынын атап өтті. Президент қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кеткенін ашық айтты. «Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды əлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нəрсе», деді Президент. Сонымен жұрт күткен жаңа реформалар елдегі басқару жүйесіне қандай өзгерістер əкеледі, соның маңызды бірнеше қадамына тоқталсақ. Мемлекет басшысы алдымен бұған дейін қалыптасқан «барлық іс Президенттің араласуымен шешіледі» қағидасын өзгерту қажеттігін баса айтты. Жасыратыны жоқ, қоғам демократия үдерістеріне сай Президенттік-парламенттік басқару жүйесінің іс жүзіндегі шынайы бейнесін қалыптастыратын осындай кесімді сөзді ұзақ күтті. Бұл бетбұрыс Парламенттің рөлі күшейетінін көрсетеді. Негізі елде жүргізілетін саяси реформаның қарапайым формуласы мынадай: Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет. Ендігі мəселе – осы жүйенің жұмысын жүйелі етуде жатыр. Мемлекет басшысы «Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет», деп атап өтті. Сол үшін Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды. Бұл – өзгерістердің сөз жүзінде қалмайтындығының көрінісі. Өңірлерде азаматтардың билікке деген сенімін нығайту үшін мəслихаттардың да мəртебесін көтеру керек екендігі айқын нəрсе. Мемлекет басшысы əр деңгейдегі мəслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мəслихат төрағасы лауазымын енгізуді ұсынды. «Сондай-ақ мəслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс əкімдерін тағайындау тəртібін өзгерту қажет деп санаймын», деді Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында. Жаңа реформада тізбекті түрде өзара өзгеріске бастайтын жаңа қайта құрулар бар екенін атап өткен жөн. Ал бетбұрыстардың негізгісі – өңірлердегі диспропорцияны жою мақсатында қабылданған шешімдер. Атап айтсақ, бірнеше жаңа облыстың құрылғандығы. Тарихымызды танытар Ұлытау даласының енді бір өңірге айналғаны, Абай атындағы облыстың пайда болғаны – жұрт құптайтын бастамалар. Жетісулықтардың көкейінде жүрген облыс орталығының шалғайлығы туралы мəселе де шешімін тапты. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы деп, оны ұлттың арда ұлы Дінмұхамед Қонаевтың есімімен атауды көпшілікті қуантты.
Елдік мүддемізді жоғары ұстанған жаңа дəуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру, жаңа заман талабын халық игілігі үшін орындау, абыроймен іс атқару баршамызға ортақ жаңғыру міндеті.

Рымтай ҚАСЫМОВА,
Ұлытау ауылдық округі əкімдігінің бас маманы.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *