Среда, 24.04.2024

Әділетті ортаны адал адам қалыптастырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға нақты қадам болды. Оны жүзеге асыру үшін төменнен жоғары қарай əділеттілік принципі орнығуы қажет екені түсінікті. Жолдауда айтылғандай Əділетті Қазақстан орнату Адал азаматтардың ғана еншісінде.

Еліміздің экономикасы мен əлеуметтік əлеуетінің əлсіреуі, құндылықтардың құлдырап, рухани кембағалдыққа ұшырауы, қоғамдағы мəдени өренің төмендеуі – адалдық пен əділеттіліктің аяқасты болғандығы екенін бəріміз білеміз. Бірақ, кемшілікті əрдайым сырттан іздейтін секілдіміз. Қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгермей, нақты еңбек культі қалыптаспай ешқандай реформа жүзеге аспайтынын, Жаңа Қазақстан дегеніміз жемқорлықтың батпағына бата беретінін көзіміз көріп отыр.
«Əркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тəртіпті, адал, əділ, үнемшіл əрі жанашыр болса алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мəні – осы» деді Президент Жолдауда. Ауыл, село, аудан деңгейінен бастап ішкі саясаттың идеологиясын қалыптастыратын мемлекеттік қызмет тармақтарында жаңашыл, іскер, білімді азаматтар отыруы керек деп ойлаймын. Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында бірқатар өткір мəселелер айтылды. Бірақ соны халыққа ұғынықты тілде жеткізіп, əр саланың болашақ бағыт-бағдарын елдік тұрғыда айқындап беретін сарапшы – менеджерлер жергілікті жерлерде жоқтың қасы. Бұл менің өз пікірім. Дəл қазір белгісіздік заманына тап болғандаймыз. Патриот ретінде елдің болашағына сенемін. Бірақ жүйе, қоғамдық сана өзгермей бұрынғыдан да қиын болатын секілді.

Зейпін ҚАЗАНБАЕВА,
Жезді тау-кен жəне балқыту ісі тарихы музейінің директоры.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жолдау – ел ертеңінің бастауы

Əр жыл сайын ҚР Президенті Жолдауында өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *