Воскресенье, 8.12.2024

Ұлытау облысы ардагерлерінің өңір сайлаушыларына ҮНДЕУІ

Ұлытау облысы Ардагерлер кеңесінің екінші пленумы өз қатарындағы 27 мың ардагерлердің пікірін білдіріп, барша қазақстандықтарды, Ұлытау облысының тұрғындарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы тың бастамалар мен келелі ұсыныстарды шынайы жігермен қолдауға шақырады.
Қазақстан халқы жалпы ұлттық референдумда Саяси жаңғыру бағытын мақұлдады. Конституциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам болды. Еліміздегі Саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге жалғасады. Оның негізгі өзегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру болып табылады. Жас ұрпақ ұлттық табыстың әділ бөлінуінің жемісін көреді.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында ең төменгі жалақы, зейнетақы көлемі өседі. Алдағы жылдан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби біржарым жасқа толғанға дейін ұзартылады. «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарлама іске асырылып, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы есепшотына аударып отыруы ел өміріндегі елеулі әрі қуанышты оқиға болмақ. Өмірде ең бастысы адал еңбек екенін жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Елімізде келесі жылы 100 мың жас әртүрлі шаралар арқылы еңбекпен қамтылады.
Президент сайлауына байланысты үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарына белсене қатысайық. Қазақ елінің кемел келешегі, балаларымыздың жарқын болашағы үшін лайықты тұлғаға өз таңдауымызды жасайық!

Үндеу Ұлытау облысы ардагерлер кеңесінің

28 қыркүйектегі ІІ-пленумында қабылданған.
2022 жыл

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *