Понедельник, 3.10.2022

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫС ӘКІМДІГІНЕ ЖАҢА ҒИМАРАТ САЛЫНБАЙДЫ

Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласы Бас жоспарының егжей-тегжейлі жобалау жоспарын талқылаған жиында айтты.
Ұлытау облысы құрылып, Жезқазған қаласы облыс орталығы ретінде белгіленген соң қалада орталық, жергілікті мемлекеттік органдарға арналған әкімшілік ғимараттар, әлеуметтік нысандар салынады. «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы да облыс орталығында көп пәтерлі тұрғын үй салуға ниетті.
❗Мемлекеттік органдарға арнап салынатын әкімшілік ғимараттар туралы сөз болғанда аймақ басшысы Ұлытау облысы әкімдігі үшін жаңа ғимарат салу мәселесі қарастырылып жатпағанын атап өтті.
-Күн тәртібінде ондай мәселе жоқ. Жақын уақытта Ұлытау облысының әкімдігіне жаңа ғимарат салынбайды. Біздің негізгі міндет –ең алдымен әлеуметтік нысандар салу. Сондықтан да қала халқына ыңғайлы орта қалыптастыруға күш саламыз. Сонымен қатар, облыс орталығына қоныс тебетін орталық мемлекеттік органдардың бөлімшелерін оңтайлы орналастыруымыз керек. Жаңа нысандарды барынша бюджеттен тыс қаражат көзінен салу жолдарын қарастырамыз, — деді Берік Әбдіғалиұлы.
Облыс басшысы Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, құрылыс, сәулет, жер қатынастары бөлімдерінің басшыларымен өткен жұмыс жиынында жаңа нысандар үшін жер телімін белгілеу кезінде қала келбетімен қатар коммуникациялық желілердің жүктемесі, тұрғындардың қатынауына қолайлылығы сынды мәселелерге де ерекше мән беруді тапсырды.
Сонымен бірге, Берік Әбдіғалиұлы қаланы аралау барысында екі қабатты ескі үйлердің жай-күйімен танысты. Аймақ басшысы бұл үйлердің орнына заманауи үлгідегі қолайлы үйлер салу үшін инвесторлар тарту керкетігіне назар аудартты.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті

Күзгі әскерге шақырту науқанының басталуына байланысты қаламыздағы «Даңқ» алаңында жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.