Четверг, 20.06.2024

Таңдау бізде

Көпшілік көкейіндегі ойын ортаға салып, ойындағысының орындалғанын қалайды. Кері байланыс күтеді. Қазіргі таңда қарым-қатынас құралы әлеуметтік желі болып кеткені жасырын емес. Бірі мәселе көтеріп шешімін ұсынса енді бірі бопсалап, елдің атын жамылып халықпен қорқытады енді бірі жай ғана өзін тыңдағанын қалайды. Қалай болғанда да қазір біршама мәдениет қалыптасты. Қар жауса да әкімдік қайда қарап отыр дейтін түсініктен арыла бастадық.

Әрине осы көтерілген тақырыптар төңірегінде әкімнің аты аталып, белгіленіп жатуы заңды құбылыс. Алайда тағайындалып келген басшылар кейде мәселені майшаммен қарауға құлықты болмай жатады. Менеджерліктен гөрі қожайындық қасиеті басым түсіп, басы басқада болса, мойны алдына келген ағайынға бұрылмай-ақ қалады. Әлбетте, бәрі бұндай екен деуден аулақпыз, сауытты батырдай шапқылап, түйіткілді мәселелердің түйінін оңай тарқатып жүрген басшылар да жетерлік. Қалай болғанда да бұл салаға бір реформаның керектігі анықтын. Бұндай талап міндет өркениет пен демократиялы қоғамға қол созған жаңа Қазақстанның келбеті, Президентіміздің реформаларының жемісі мен жүйелі жұмысының нәтижесінде өмірге келді. Ел ерге қарайтын, енді ердің елге қайырылатын кезеңі келді. Басында үміт пен күдіктің болғаны рас. Көбі қалай болады екен деп те қарады. Көз қорқақ қолдың батыр екені тағы бір дәлелденді. Басталған іс жақсы нәтиже көрсетті. Ауылдағы ағайын жаға жыртыспай жақсысын таңдап алды. Ал аудандар бойынша да биыл көзімізбен көрдік. Біздің облыста Ұлытау ауданында әкім сайлауы өтті. Халық ортаны танитын, шаруаға бекем, болсам емес болса екен деп тұратын азаматын әкім етіп тағайындап алды. Енді келесі жылы осы жобаға қала да қатарға қосылуы тиіс. Пилоттық жоба ретінде қай қала қабылданады қалай болады енді ол уақыт еншісінде.

Басшы бар. Енді басшы басқарып, шешімін қабылдайтын қала бюджеті де маңызды мәселелердің қатарында. Табыс салығының және де басқа да төлем түрлерінен түсетін кірістердің бір бөлігі өңірлерге берілуі оң нәниже берген. Енді бюджеттің де дербестігі арта беретін болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдуында бұны қадап тұрып айтты. Ендігі таңда өзі тұрып жатқан қала үшін әкім мен тұрғындар қоян-қолтық жұмыс жасайтын болады.

Әрине дамудың даңғыл жолы бұнымен шектелмейтіні анық. Президентіміздің өзі «нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет» деген еді.

 

Амангелді Құрақбай,

«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі»ММ басшысы

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Комиссия отырысы өтті

2024 жылғы 19 маусымда Ұлытау облыстық Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *