Четверг, 10.10.2024

Реформа саяси жүйені қалай өзгертеді

Кез келген мемлекет өз дамуы үшін түрлі ауқымда реформалар жүргізуге мүдделі. Қазақстан да тұрақты даму кепілі саналатын реформаларды жүзеге асыруға бар күшін салып келеді. Осы орайда, ҚР Президенті Қасым-ЖомартТоқаев реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді. Бұл жиында ҚР 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын әзірлеу, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі, мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарының жобасы, сондай-ақ, ұлттық халық санағын өткізу мәселелері қарастырылды.

Қарастырылған мәселелерден елімізде қысқа және ұзақ мерзімді реформалар жүргізудің тәжірибесі кеңінен орын алғанын көреміз. Бұл – тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан үрдіс. Осы уақыт ішінде тәуелсіз еліміз алуан түрлі реформаларды жүзеге асырды. Олардың арасында озық үлгідегі саяси-экономикалық реформалар мен стратегиялық даму жоспарлары да болды. Мұндай реформалардың игілігін көріп отырғанымызды жоққа шығара алмаймыз.

Осы жылы елімізде ауқымды реформалар қолға алынып, қоғамда саяси трансформация басталды. Ал маусым айында өткен конституциялық реформа билік құрылымын өзгертті.

2022 жылғы 5 маусымда өткен референдумда Конституцияға Парламенттің қос палатасы – Сенат пен Мәжіліс арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар енгізілген болатын. Бұл Парламентте заңдарды қарау үдерісін жылдамдатады. Депутаттар реглементті толықтыру және өзгерту бойынша ұсыныстарын берді. Құжатта Мәжілістің заң жобаларын қалай қарайтыны, құжаттарды қарау мерзімі, сондай-ақ, оларды бекіту немесе қайтару талаптары ескерілген. Осы тұрғыда қос палатаның өзара іс-қимылына қатысты өзекті мәселелер қаралып, регламент қабылданды. Бұл сайлау жүйесінің сапасын арттырады.

2023 жыл Сенат депуттарын сайлаумен басталды. 14 қаңтарда Парламенттің жоғары палатасы – Сенат депутаттарының кезекті сайлауы өтіп, еліміздің 20 өңірінен 20 мандатқа 55 кандидат бәсекеге түсті. Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсынудың екі жолы болды. Ол облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандық мәслихаттардың сессияларында саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихаттардың өкілдері арқылы және кандидаттың өзін-өзі ұсынуы болды.

2023 жылдың 5 қарашасында алғаш рет 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың әкімдерін сайлау өтті. 1553 сайлау комиссиялары: 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді. Комиссияның мәліметінше, сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беру күні байқауды Қазақстан Республикасының 8500-ге жуық кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері жүзеге асырды.

Атап айтсақ, өңірімізде биыл аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауында Ұлытау ауданының әкімі сайланды.

 

Бектемір ТЕМІРБАЙ,

Жәйрем кенті әкімінің орынбасары.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *