Воскресенье, 26.05.2024

Президент реформалары: Айқын бағыттар Ұлттық қор балаларға бағдарламасы – Ұрпақ келешегінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауындағы ең маңызды бастамасының бірі – «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы болды. Президенттің сөзінше, бұл жоба арқылы Ұлттық қор шын мәнінде ұлттық мәртебесіне сай болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Осыны жан-жақты қарастыра отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырды.

12 желтоқсандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бір жылдан кейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысын балалардың есепшотына аудару басталатынын еске салып, Қазақстан Ұлттық қорының табысы басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ұлттық қорды басқаруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Біз білетіндей, Конституцияға жер мен оның жер қойнауы халыққа тиесілі екендігі туралы норма енгізілді және оны іске асыру мақсатында осы бағдарламаға бастамашылық жасалды. Екіншіден, бастама әлеуметтік-экономикалық саясаттағы әділеттіліктің практикалық көрінісі ретінде қызмет етеді. Ең бастысы, қазақстандықтар елдің ұлттық байлығының игігілін тікелей сезіне алады.

Қорытындылай келе, болашақ ұрпаққа қалдыратын қаражат Ұлттық қордың меншігінде. Оның адам капиталына қызмет ету керек екенін қоғам талай мәрте көтерген болатын. Президент бастамасы соның нақты қадамы екенін атап өту керек. Алдағы кезеңдегі маңызды міндет – стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды, сондай-ақ адами капиталды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға баса назар аудара отырып, Ұлттық қор қаражатын ұтымды және тиімді пайдалану болмақ.

Ыдырыс Қозайдаров,

“Turaqty DAMU” жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Общереспубликанская акция «Народный юрист» пройдет во всех крупных городах Казахстана

 30 мая в 10:00 всех крупных городах Казахстана стартует общереспубликанская акция «Народный юрист». Цель акции …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *