Воскресенье, 8.12.2024

Жұлдыз Рахымбекова Ұлытау облысы бойынша «Ару Ана» республикалық үздік әйелдер жобалары байқауының жеңімпазы атанды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Ару Ана» республикалық үздік жобалар байқауының жеңімпаздарымен кездесті.

Қазақстанның барлық өңірінен байқауға 260 жоба ұсынылды. Олардың 20-сы отбасы институтын, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін қолдауға, балалар құқықтарын қорғауға, инклюзивті қоғамды, креативті индустрияларды, IT, агробизнесті және қайырымдылықты дамытуға бағытталған үздік жоба деп танылды.

Ұлытау облысынан «Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба» бағыты бойынша жеңімпаз болып Жұлдыз Рахымбекова танылды. Ол «Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы «MamaRada» балалардың зияткерлік даму академия желісі» жобасының авторы.

«Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы «MamaRada» балалардың зияткерлік даму академия желісі» Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы ерекше балаларды мектепке дайындаумен тікелей айналысатын жалғыз мекеме болып табылады. Бүгінгі таңда 65 бала білім алуда, оның ішінде Сәтбаев қаласында – 50 бала, Жезқазған қаласында – 15.

Байқау 2023 жылдан бастап Ұлттық комиссияның қолдауымен үздік идеялар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын әйел көшбасшыларды қолдау, біріктіру және алға жетелеу мақсатында өткізіліп келеді.

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *