Воскресенье, 8.12.2024

Жаңа кезеңге – жаңа реформалармен

Конституциядағы өзгерістер – Мемлекет басшысының 2019 жылы бастаған бүкіл саяси реформасының заңды жалғасы деуге болады. Президент реформасындағы жаңа өзгерістер халыққа қажет дүние жəне ол өзгерістерді күтіп отыр. Бұл — тарихи дүние! Ол құқықтық, саяси жағдайдың бəрін өзгертеді.

Президент реформалары əділеттілік, теңдік, Конституция үстемдігі, адам құқықтары деген принциптерден тұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев көп жыл бойы БҰҰ-да жұмыс істеді. Біз БҰҰ-ның шарттарын неге қабылдадық? Онда адам құқықтары басты орында тұруы керек. Адам құқықтары, оның саяси құқықтары, экономикалық-мəдени құқықтары басты орында болғандықтан, Мемлекет басшысы конституциялық реформаны жоғары дəрежеге қойды.

Əр мемлекеттің өз проблемалары бар. Біз өзімізде проблема барын мойындадық, бұрынғы саяси режимде адам құқықтары тапталып, конституциялық үстемдік болмағанын көрдік. Бұрын жеке басқа табыну болды. Шетелде ондай дүние жоқ. Басқа мемлекеттерде барлығы тең, ешкім «елбасы» бола алмайды. Əділетті, барлығының құқықтары, мүмкіндіктері бірдей. Президент реформасынан кейін біздегі əділетсіздіктер біртіндеп жойыла бастады. Бұл жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның демократиялық бағытын тағы да көрсетіп отыр. Конституциялық реформа қоғам пікірін ескере отырып жүргізілді, — дейді Мəжіліс депутаты.

Ол сондай-ақ Президент реформалары өз жемісін беріп жатқанын да айтып өтті. Оның нəтижесін көріп отырмыз. Мəжіліске алты партияға дейін келіп отыр. Оның үстіне оппозияциялық партия Мəжіліске тұңғыш рет келді. Бұл – ел тарихында болмаған дүние. Мəжіліске өтуге белгіленген межені де түсірді. Партияны тіркеу рəсімдері жеңілдеді. Бұрын 20 мыңнан астам қол жинау керек болса, қазір 5 мың ғана қол жинайды. Можаритарлық сайлау жүйесі арқылы Мəжіліске жаңа депутаттар келді. Президент реформаларынан демократияның айқын көріністері байқалады. Үшіншіден, адам құқықтары жоғары деңгейде көтерілді. Елімізде адам құқықтары жөніндегі уəкілдің құзыреті күшейді. Көрші мемлекеттерде адам құқықтары заңмен қорғалған. Конституциялық сотты да ерекше айтқым келіп отыр. Бұл саяси институт дауларды шешеді, азаматтардың құқықтық-нормативтік актілерін қарайды. Адам құқықтары жөніндегі уəкілге, Конституциялық сотқа, Бас прокуратураға бірқатар құзыреттілік берілді. Президент зорлық-зомбылықпен, азаптаумен күреске көп көңіл бөлуді тапсырды. Жасыратыны жоқ, елімізде сот шешімімен келіспей, наразылық білдіру жағдайлары жиілеп кетті. Бұл азаматтардың мүдделерін қорғайтын құқықтық тетікті күшейту қажет екенін көрсетті. Осы орайда халық Конституциялық сотқа үлкен үміт артып отыр. Елімізде Конституциялық соттың енгізілуі — əділетті жəне құқықтық мемлекет құруда жасалған маңызды қадам. Бұл – адам құқықтарын қорғайтын ең үлкен институт. Адам құқықтарын қорғайтын нəрсені халық та қолдап отыр. Реформадағы тағы бір дүние – жоғары аудиторлық палата. Оны құрудың өзі үлкен жаңалық. Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін тексереді. Жемқорлықпен, көлеңкелі экономикамен күресте бұл органның рөлі зор. Заңсыз шығарылған активтерді, жер мəселесін, заңсыз құрылыстарды тексереді. Жоғары аудиторлық палата төрағасы Мəжіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беруге тиіс. Осылайша, Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейте алады. Енді бұрынғыдай олигополия болмайды. Билік азаматтарды адам құрлы санамайды деген дүние келмеске кетті. Үлкен өзгерістер болып жатыр. Нəтижесі бір күнде болмайды. Аз уақыт болса да бірталай жұмыс атқарылғанын байқап отырмыз. Өзгерістер адамның сана-сезіміне əсер етеді. Мəдени-құқықтық тəртіпті өзгертеді. Қорыта айтқанда, саяси реформалар қоғамды дəйекті түрде демократияландыруға септігін тигізеді.

Фариза РАНОВА,
«Қоскөл ауылдық округі əкімі аппараты» ММ бас маманы.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *