Четверг, 10.10.2024

Білімді қоғам – жаңа Қазақстанның негізгі тірегі

Әрбір мемлекеттің алдына қойған мақсаттарының бірі – өркениетті елдердің қатарына қосылу болса, ал жетістіктің басты өлшемі олардың жер қойнауындағы қазба байлықтарының көптігі немесе жер көлемінің үлкендігінде емес, сондағы байлықты өз орнымен игере білуге ел ертеңі-бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып жетелеп, бәсекеге қабілетін дамыту көзделген. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жасаған жолдауының үшінші бағдарында Ел болашағына арналған инвестиция, яғни денсаулық пен білім саласына ерекше назар аудара отырып: – Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс, – деп көрсете отырып, – Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды екеніне тоқталған болатын.

Білім сапасын арттыру жолдары мектептің басты ұстанымы болумен қатар оны арттыруға бағытталған жұмыс түрлері де үнемі ізденісті қажет етеді. Осы орайда сапалы білімге қол жеткізуге сабақты зерттеу жұмысы өз жемісін көрсетіп, әр шығармашылық топтың зерттеу жұмысы оқушының жаңа мүмкіндіктерін дамытуға жол ашты.

Тізбектелген сабақтар топтамасының бір кезеңіне щолу жасау үшін 8 сыныптарда өткізілген зерттеу сабақтарына тоқталар болсам, педагог-сарапшы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Аяулым Балғабаева жаратылыстану бағытындағы пәндерден өткізілген сабақ барысында «Learningapps» платформасымен, «Kahoot»-пен жұмыс жасап, заманауи платформаларды сабақ тиімділігін арттыру мақсатында қолдануға жетекшілік жасай отырып, «Фактілер сөйлейді» әдісімен оқушыларды 3 топқа бөліп, «Бағдаршам» әдісі арқылы үш тілде білімдерін көрсетуге бағытталған тапсырмалар құрастырды. «Padlet» тақтасына оқушылар QRкод арқылы сабаққа кері байланыс жазған соң, фокус тобымен бірлесе сараланған әдіс-тәсілдер тиімділері сұрыпталып, сабақ әсері арта түсті. Әр цикл сайын әдістерді жаңа қырынан көру мүмкіндігі туып, инновациялық тәсілдер толыға түсті. 8 сыныптарды зерттеу арқылы әр оқушының пәнді қабылдауы, білімін өмірде қолдана алуы, өзара мәселе шешудегі іскерлік дағды назарға алынып, осы істерді өрістетуге керек тәсілдер сұрыпталды. Бір сыныпта жүргізілген жұмыстың бір үзігін оқырман назарына ұсына отырып, білімді қоғам орнатудың негізі мектепте қаланса, оны нығайту жолдары білім мен шығармашылықта екенін айта отырып, педагогтердің өз білімдерін шыңдап, жетілдіріп, түрлі байқаулар мен олимпиадаларда ағымдағы оқу жылында жеткен жетістіктеріне тоқталамын. Қазақстанның виртуалды білім беру кеңістігіндегі авторлық бейнересурстар банкін толықтыру, заманауи педагогикалық тәжірибе мен ұстаздар арасындағы озық тәжірибелерді жалпыға тарату және насихаттау мақсатында өткен ТеD Х форматтағы педагогикалық идеялар байқауына «Биологиядан білім беру концепциясы және оқытудың инновациялық әдістемелері» тақырыбында Аяулым Балғабаева, «Оқушылардың ойлау дағдыларын дамытуда информатика пәнінен тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың маңыздылығы» тақырыбында Меруерт Игибаева өз педагогикалық идеяларымен бөлісті.

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған халықаралық «Кенгуру-лингвист» конкурсына Айман Көпбаева қатысып, ІІ орынға ие болды.

Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникативтік технологияларды дамыту, қолдау және пайдалану мақсатында өткен «Педстарт» республикалық қашықтық олипиадасына Айгүл Турғанбекова, Айман Көпбаева, Әсем Досмағамбетова, Акгүл Мейірманова қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Дарынды балаларды қоғамның ғылыми келешегі ретінде танып біліп, сенімділікпен қарау арқылы оқушының бойында ғылымға деген ізденісті толығымен қалыптастыру, баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білімін игерту әрбір ұстаздың маңызды міндеті болып саналады. Сондықтан білімді қоғам тақырыбын қозғай отырып білім алушылардың бүгінгі жетістіктеріне тоқталып өтсем деймін.

Математика пәніннің мұғалімі Гүлзат Омарова жетекшілігімен 11 сынып оқушысы Жанерке Жанат “Алтын Түлек” математика олимпиадасының республикалық кезеңінен ІІІ орын иеленді. «Мұрагер –2024» облыстық шығармашылық байқаудың «Бейнелеу» өнері номинациясының облыстық кезеңіне 10-сынып оқушысы Алтаева Эрика қатысып ІІІ орын иеленсе,«Сәндік қолданбалы өнер» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Ғалымқызы Жания қатысып ІІІ орын иеленді. Облыстан топ жарған бұл оқушылардың жетекшісі Тоқтыбаева Баршагүл Салкеновна.Осы байқаудың «Үздік жүргізуші» номинациясының облыстық кезеңінен 7-сынып оқушысы Шойынбай Айнара ІІІ орын иеленді.Жетекшісі Оразалина Мөлдір Ниязалиевна.

7-11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Білгірлер бәйгесі» номинациясы бойынша жүлдегер болып, ІІІ дәрежелі дипломмен 8Б сынып оқушысы Жансая Тасымова марапатталды. Жетекшісі Айсұлу Тілегенова. 6-11 сынып оқушылар арасында өткен дәстүрлі «Ясауитану-2024» байқауының облыстық кезеңіне 10 сынып оқушысы Ерке Мухидинова қатысып, Алғыс хатқа ие болды. Жетекшісі Салтанат Мергенбекова. 5-6-сынып оқушылары арасында өткен пән олимпиадасына қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қатысқан 6-сынып оқушысы Нұрасем Мүтәллап қалалық кезеңнен 1 орын, облыстық кезеңнен 3 орын иеленді. Жетекшісі Мереке Иманберлина.

Бүгінгі мектеп оқушысы болашақта ел ертеңінің белсенді мүшелері, сондықтан сабақ барысында немесе сыныптан тыс жұмыстар барысында топтық жұмыс және топ құрамын өзгертуді ұйымдастыра отырып, кез-келген ортада өз қабілетін көрсете алатын, кез-келген ортамен тіл табыса алатын тұлға қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар жаңаша көзқараспен жүзеге асты. Біліктілік шеберханасына айналған зерттеу сабақтары аясында анықталған тәсілдер, қабілетінің жаңа қыры ашылған білім алушылармен жұмыс түрі әр сыныпқа сай түрленген кәсіби одақтастық жұмысын шығармашылықпен жалғастыра отырып, мектеп басқару ісінде бірнеше бағытта жұмыс түрлерін жаңаша құрылымдап мектеп менеджментін жолға қоя отырып, жүзеге асыру уақыт талабы екенін ескеріп, басқару ісін жаңа арнада жалғастырып келемін. Педагогикалық менеджментті казіргі білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енгізу бүгінгі білім жүйесінің реформалану жағдайында, білім жүйесін демократияландыру негізінде білім беру мекемелері бірүлгіліктен арылып, халыққа көп нұсқалы білім кызметін ұсынып, инновациялық үдерістерге астасып жатқанда басқаруды лайықты ұйымдастыру барысында қолданып келеміз. Білім беруді басқарудың көпдеңгейлі жүйесінде алдыңғы қатардан орын алған басқарудың тың түрі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық өзгерістер мен жаңартулардың шарықтау шегінде бола отырып, мектеп басшылары педагогтардың еңбегін үйлестіреді, бағыттайды, әрекетке талпындырып, оларды ынталандырып отырады. Білім беру менеджері қызметі табиғатынан көпқызметті, ол ұйымдастырушы, әкімшілік, зерттеуші, педагог, қоғам қайраткері ролін орындайды. Әр бала – бір әлем, қайталанбас тұлға. Сондықтан әр мектептің жетістікке бастар жолы әр алуан. Сол жолға жетудің алгоритмін жасаушы әр мектепті басқару менеджері. Мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы болуы жоғарыдан берілген нұсқау арқылы емес мектепті басқару менеджментінің тетіктерін тиімді жолға қою арқылы жүзеге асып келеді.

Жұмакүл АХМЕТОВА,

 №1 ЖББМ директоры,

 Қаражал қалалық мәслихат депутаты.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *