Четверг, 10.10.2024

Ардагер дойбышылар бас қосты

Ұлы Жеңістің жалауы желбірегеніне биыл 9 мамырда 79 жыл толады. Осы айтулы күнге орай «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС ардагер кеңесі ҚБ Сәтбаев филиалы «Қазақстан» спорттық кешенінде дойбыдан жарыс өткізді.
Дойбы ең алғаш Мысыр жерінде 3500 жыл бұрын пайда болған деген болжам бар. Қазіргі заманғы зерттеушілер дойбының таралу тарихы мен жолдарын әлі күнге дейін толық дәлелдеп, ғасырлар қойнауында жасырын жатқын сырды әлі де толық таба алған жоқ. Зерттеулерге қарағанда кәдімгі дойбы ойыны орта Азияға Х ғасырларда жеткен көрінеді. Ал, қазақ даласына дойбы XYIII ғасырда сауда жолдары арқылы келген, қазақтың батыс аймақтарында «шатраш», басқа аймақтарда «дойбы» деп аталған деген деректер де бар. Қазақ жерінде қалыптасқан өзіндік ережесі бар бұл ойынды ұлы Абай бабамыз құмарта ойнаған, дәріптеген, қазақи атаулар енгізген. Сондықтан да дойбыны қазақтың ұлттық ойындарының қатарына қосқанның еш оғаштығы жоқ.
– Кейбір мәліметтерге қарағанда Абайдың атасы Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты Кемпірбай ақын және олардың көптеген замандастары дойбынын құмарта ойнаған. Абайдың Жидебайдағы мұражайында ұлы ақынның дойбысы әлі күнге дейін сақтаулы тұр. Сан ғасырлық даму кезеңін, өзіндік эволюция дәуірін бастан кешіріп, бүгінге жеткен бұл ойынның алуан түрі пайда болып, өзіндік теориясы, жеке-жеке ойнау ережесі қалыптасты. Дойбылар сұрыпталып емес, бір-бірімен иық тіресе қатар жарыса әлемдік сыпат алып бара жатқандығына сәйкес жаһандық ақпараттық даму кезеңінде қызығушылық танытушылардың да саны артуы, ондай қызығушылық өз ортамызда да болуы қуантарлық жағдай. Сондықтан ардагерлер арасында дойбыдан жарыс өткізіп, уақтымызды тиімді пайдаланып, жастарға насихаттап жүрген жайымыз бар, – дейді филиал басшысы Абулайс Мулаков.
Жарыс нәтижесінде Зұлыпхар Ізбасаров бірінші, Асылхан Арыстанбеков екінші, Владимир Бабин үшінші орынды жеңіп алса, қалған қатысушылар ынталандыру сыйлығына ие болды.
                                             

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Дастан Рыспеков назначен акимом области Ұлытау

С августа 2023 года был заместителем акима области Улытау. Указом главы государства Рыспеков Дастан Адаевич …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *