Пятница, 14.06.2024

Антикор Ұлытау 3 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын үнемдеді

Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаментімен мониторинг барысында бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау фактісі анықталды.

Яғни, Ұлытау облысының Цифрлық технологиялар басқармасы 3 млрд 696 млн 271 мың теңге сомасына бұлтты сервис қызметін сатып алуды жоспарлаған болатын, оның конкурстық құжаттамасында қызметтің нақты есептік құнының сипаттамасы көрсетілмеген. Бұдан басқа, конкурстық құжаттамаға салынған жұмыстардың бір бөлігі мемлекеттік сатып алудың басқа да қолданыстағы шарттары шеңберінде орындалатыны анықталды.

Жұмыс түрлерін қайталап сатып алу бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғанын куәландырғандықтан, департамент тиісті ұсыныс енгізді, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жою туралы шешім қабылданды.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Облыстық прокуратура жалғасып жатқан алаяқтық фактілері туралы хабарлайды

Облыстық прокуратура жалғасып жатқан алаяқтық фактілері туралы хабарлайды. Полиция органдарына кеше 50 жастағы Сәтбаев қаласының …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *