Пятница, 27.12.2024

Сапаға басымдық беріледі

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы, облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 2023 жылы жүргізілген жұмыстар барысы қаралды.

Биыл Ұлытау облысында 27 медициналық нысан ашылмақ. Олардың қатарында 12 фельдшерлік-акушерлік, тағы бір 12 медициналық пункт, Ұлытау ауданындағы аурухана мен емхана, Сәтбаев қаласындағы травматологиялық пункт, Жезқазғандағы инсульт орталығы бар.
2023 жылы облыс бойынша 10 фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмысы жүргізілді. Оның ішінде 5 ФАП «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы, 1 жеке инвестор есебінен, 4 ФАП «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша басталды.
Жоғарыда көрсетілген 4 ФАП Ұлытау ауданында (Байқоңыр, Терісаққан, Мибұлақ, Қоскөл) басталған болатын. Мердігер «Altyn LTD» ЖШС тарапынан құрылысқа сапасыз материалдарды пайдаланғаны анықталды. Осыған байланысты құрылыс жұмысы уақтылы орындалмай, келісімшарт бұзылды. Қазіргі таңда, мердігерді жосықсыз деп тану туралы сот жүргізілуде. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қалған жұмыс көлемін аяқтау үшін конкурс жариялап, нысанды мамырдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Облыс басшысы салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарының басты мақсаты – халыққа қызмет көрсету екенін атап айтты. «Ол үшін бірінші кезекте дәрігер тапшылығы мәселесін шешуді тапсырамын. Бұл мақсатта тиісті қаржы да бөлінген. Құрылысы аяқталып, толық жабдықталған ғимаратты алдымен сапалы, жоғары санатты кадрлармен қамтамасыз ету қажет», – деді Ұлытау облысының әкімі өз сөзінде.
Қазіргі таңда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында 3 мал сою пункті, 3 мал сою алаңы бар. Ал, Ұлытау ауданында аталған жұмысты кәсіпкерлермен бірігіп ұйымдастыру қажет. Осы мақсатта облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы ауылдық округтерде арнайы орындар қарастыруды тапсырды.
Сондай-ақ, өңір басшысы қаңғыбас иттер мәселесінің аудан орталықтары мен елдімекендерде де өзекті екенін жеткізді. Белгілі болғандай, облыс аумағында үй жануарларына арналған баспаналардың, уақытша ұстау пункттерінің болмауына байланысты қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аулау жұмыстары жүргізуде. 2023 жылы халықтан түскен өтініштердің негізінде 2830 бас қаңғыбас жануарға эвтаназия әдісі қолданылған. Ал, биыл 355 бас ит ауланған.
Ұлытау облыстық ветеринария басқармасының басшысы Әбусағит Әбдікердің баяндауынша екпе жұмыстарын жүргізу үшін препараттар қалалар мен елдімекендерге уақытылы жеткізілуде. Энзоотиялық ауруларға қарсы 18 000, тейлериоз ауруына қарсы 15 000 доза екпе салынған.
Сонымен қатар, облыс әкімі Ұлытау ауданында қырылған ірі қараның нақты санын анықтауды, төтенше жағдай жарияланған жағдайда қажетті жем-шөппен қамтамасыз ету үшін субсидия қаражатын бөлуді тапсырды.
                    

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Защитите себя и близких от мошенников

Прокуратурой области продолжается работа по противодействию мошенничествам. Установлены многочисленные случаи, когда злоумышленники звонят представляясь сотрудниками …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *