Воскресенье, 24.11.2024

Міндетіміз белгілі, мақсатымыз — айқын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүр бойынша халыққа арналған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы постпандемиялық кезеңдегі аса маңызды құжат болып саналады. Жолдауда әлемдік сын-қатерлерге төтеп беруден бастап, елімізді экономикалық тұрғыдан дамыту бағыттарына мән берілді.
Кез келген елдің болашақтағы даму бағыты бүгінгі міндеттермен айқындалары сөзсіз. Сондықтан бүгінде біздің мемлекет пен қоғам алдындағы міндетіміз белгілі, мақсатымыз – айқын.
Бұл Жолдаудың басты ерекшелігі – берілген тапсырмалардың нақты мерзімге қойылуында. Олар бір жағынан қысқа, екінші жағынан орташа қысқа мерзімнің айқындалуымен айшықталған. Жыл сайынғы Жолдаулардың басты проблемасы – олар үнемі бірінің үстіне бірі қабаттасып отыратын, кейбір жаңа мақсаттар мен міндеттер басқа Жолдаулардың алдыңғы мақсаттары мен міндеттеріне үстемеленіп, ал алдыңғы тапсырмалар орындалу барысы туралы есеп берілмейтін. Бұл Жолдау ондай емес. Яғни, ұмытылған миссияға жол берілмейтіндігін көрсетті. Сонымен қатар бұл Жолдау биылғы жылда атқарылған іс-шараларға бұқара халық алдында берілген есеп ретінде де ерекшеленді. Мемлекет басшысы таяу болашақты байыппен болжаған тұғырнама секілді жаңа Жолдауда жүргізіліп жатқан реформаларды түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажеттігін дәлелді айтты. Сондықтан болар Жолдауда еліміз шикізат өндіруші ғана емес, мемлекетіміздегі өнеркәсіпті дамыту мәселелеріне баса назар аударды. Осы орайда бірқатар міндет атап көрсетілді. Ел экономикасының драйвері ретінде туризм саласы мен «жасыл» экономика, агроөнеркәсіптік кешен, көлік логистикасы назардан тыс қалмады. Бізде бұл салаларды серпінді түрде дамытуға мүмкіндік мол екені рас. Ол үшін Жолдауда қордаланған мәселелік проблемаларды шешудің жолдары көрсетіліп, қажетті іске асыру шараларының
алгоритмі жауаптар ретінде берілді. Солардың басты өзегі ретінде – жаңа экономикалық үлгіге көшу қажеттігі тілге тиек етілді.
Бұл Жолдау Жаңа Қазақстанда Әділетті қоғам орнату үшін жеке тұлғаның қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыратыны хақ.

Жалғасбек САЙЛАУБЕКОВ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *