Воскресенье, 16.03.2025
Слушай на zhanafm.kz ! Жаңа FM
oplus_0

«Заң мен тәртіп» – жастар назарында

Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіп­сіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра ала­ды. Заңды сақтау – әділет, теңдік пен тәртіптің кепілі. Осы қағиданы қазіргі ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында қаламыздағы Жастар ресурстық орталығы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы технологиялық колледж студенттерімен «Заң және тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты Мемлекет бас­шы­сының тікелей бақылауында. «Қылмыспен кү­ресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңыз­ды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үл­кен жұмыс. Ең алдымен, мемлекетте заң т­а­лап­тары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұз­ған кез келген адам жазасын алуға тиіс», – деген болатын Пре­­зидент Ішкі істер ми­нистр­лігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Мемлекет басшысының пікірінше, заң мен тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идео­логиялық және саяси темірқазығына ай­налуы тиіс. Өйткені құқықтық сауаттың тө­мен болуы жағымсыз үрдістердің белең алуы­на әкеп соқтырады. Көшедегі мәде­ниет­сіздіктен бастап, төбелес, ұрлық, кісі өлтіруге дейінгі  құқықбұзушылықтың барлық түріне ымырасыз қарсы тұру, келеңсіздіктермен қоғам болып күресу өте маңызды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндаған қала прокуратурасының прокуроры Руслан Түзелбаев кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың басты себебі туралы баяндады.

– Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда тәрбиелік, ұйымдастырушылық, құқықтық шаралар жүргізу болып табылады. Кәмелетке толмағандар өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын түсінбейді немесе дұрыс бағаламайды. Осы бағытта қала прокуратурасы жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алуды жетілдіру үстінде. Статистикалық деректерге сәйкес өткен жылдан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандар саны 78%-ға (9-дан 16-ға дейін), олар жасаған қылмыстық істер 41%-ға (17-ден 24-ке дейін) өскен, – деді прокурор.

Ағымдағы жылдың өзінде кәмелетеке толмаған азаматтарға қатысты бірнеше қылмыстық істер тіркелген. Мысалы, 29 қаңтарды  Сәтбаев қаласының аумағында бір топ жасөсөспірім 3 жасөпірімге әлімжеттік танытып, (дұрыс амандаспағанын негізге алып) ақша талап еткен. Ақша бермегені үшін ұрып-соғып, түрлі дене жарақатын салған. Аталған іс бойынша қалалық Полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігімен, яғни, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеп, тергеп-тексеру амалдары жүруде. Аталған құқық бұзушылықты жасағандар Жезқазғандағы «Уақытша ұстау изоляторына» жабылды. Осы тектес бірнеше мысалды алға тартқан прокурор жастарды қылмыстық, әкішілік құқық бұзушылықтардан аулақ болуға шақырды.

Қалалық Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Садықов  «Заң және тәртіп» қа­ғи­датын орнықтыру, кез келген құқық­бұзу­шы­лыққа төзбеушілік жағдайын қа­­­лыптастыру, алдын алу және аза­маттардың құқықтық сауатын арттыру мә­селесіне тоқталды.

– Көшедегі мәде­ниет­сіздіктен бастап, төбелес, ұрлық, кісі өлтіру секілді келеңсіздіктермен қоғам болып күресу өте маңызды. Елімізде кең таралған тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқ­ты әрекеттерге мүлде төз­бейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қа­лып­тастыру қажет. Өйткені азаматтардың тәр­тіпке бағынуы олардың қауіпсіздігіне ке­піл болмақ. Жастар заңдылықты ны­­ғайту жолында жұдырықтай жұмылса қоғамда әділдік орнайтын болады, – деп «Заң және тәр­тіп» қағидатын біржола орнықтыруда по­­лицияның айрықша рөл атқаратындығын атап айтты.

А.Садықов есірткі тасымалдау, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, интернет алаяқтыққа қарсы күрес және оның алдын алу шаралары туралы да баян етті.

«Ұлытау жастары» ҚБ төрағасы Даулет Сейтпеков Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен қолға алынған тұжырымдаманы жү­зе­ге асыру шеңберінде сы­байлас жемқорлыққа қар­сы саясатты іске асыру бағытын, оның жастар болашағына ықпалын талқыға салды. Осылайша колледж студенттері аталмыш тақырып аясындағы челленджге атсалысты.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Мемлекеттік онкологиялық орталықтарда жатыр мойны обырының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді

Елімізде жылына 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады. Бүгінде осы айықпас дертке шалдыққандар арасындағы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *