Пятница, 18.04.2025

Ежедневные архивы: 05/03/2025

Mektepmenu: ата-аналар балаларының мектептегі тамағын бақылай алады

Енді ата-аналар Mektepmenu цифрлық қызметі арқылы сабақта жүрген балаларының тамақтануын бақылай алады. Жаңа технологиялардың дамуымен және барлық процестің цифрландырылуына байланысты еліміздегі мектептердегі тамақтану жүйесіне де өзгерістер керегі анық. Бүгінде ата-аналар көбіне балаларының мектепте не жейтінін, мәзірде не барын білмейді және өнімнің сапасы мен қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты ала алмайды. Кері байланыса лып, бақылау мүмкін емес. Осы мәселені реттеу мақсатында Kundelik білім беру платформасы жаңа MektepMenu қызметін іске қосты. Ата-аналар балалары мектепте не жейтінін қадағалап, қалған қажетті ақпаратты көре алады. Енді сіз MektepMenu қызметін Halyk банктің мобильдіқ осымшасы арқылы пайдалана аласыз. Kundelik платформасымен интеграцияның арқасында қызметке кіру қосымша авторизациясыз жүзеге асырылады, ал бұл бүкіл процесті айтарлықтай жеңілдетеді. «Біз Halyk қосымшасымен барлық клиенттерімізге пайдалы қызметтерді ұсынуға ұмтыла отырып, оның қызметтерін кеңейтіп отырамыз. MektepMenu қызметімен интеграция — бұл бағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңа сервис клиенттік тәжірибені жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз және ата-аналарға балаларының мектепте сапалы және дұрыс тамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі ата-аналарға мектеп асханасы мен буфет мәзіріне, соның …

Читать далее »