Воскресенье, 24.11.2024

Жолдауға қолдау

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа кезекті жолдауын жасадыған болатын. Бұл жолдаудың маңызы біз секілді жастарға жоғары. Алдын ала бұл жолғы жолдау Қазақстанның жаңартылған экономикалық саясатына арналатыны бізге құлақ қабыс болды. Экономика және әлеуметтік мәселелер дәстүрлі түрде президенттің қоғайтын басты мәселесі, болғандықтан жолдауды асыға күттік. Президент табыс салығынан және басқа да төлем түрлерінен түсетін кірістің бір бөлігін өңірлерге беру оң нәтиже көрсеткенін атап өтті, былтыр аймақтар табысының өсімі жоғарылағаны жайлы атап өтті. Тоқаевтың сөзіне қарағанда, сондағы міндет – бюджеттің екінші деңгейіне кем дегенде екі триллион теңге қосымша қаражат беру. Иә, бұл жастар үшін өте тиімді. Жаңаарқа жастары оның ішінде ауылдық жерлердегі жеке кәсіп иелерінеде тиімді деп есемтеймін. Өңірлердің дербестігін арттыру мақсатында аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы берілмекші. Президенттің сөзінше, бұл біздің өңірлерді дамытудағы, сол жердегі мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.
Жолдауда қосымша құн салығын қайтару рәсімінің күрделі екенін айтып жүрген кәсіпкерлердің шағымы орынды екені айтылып, президент салық жеңілдіктерін беру тәртібін реттеуді ұсынды. Бұл жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге үлкен жеңілдік және сінімділікті арттырады деп ойлаймын. 2024 жылдан бастап ең төмен жалақы мөлшері 85 мың теңге болады. Президентіміздің сөзіне қарағанда, бұл қаншама миллион азаматтың, соның ішінде қаржы саласында еңбек ететін 350 мың қызметкердің әл-ауқатын көтеруге септігін тигізеді. Осы үш жыл ішінде еңбекақының ең төменгі мөлшерін екі есе көбейткенін атап өтті. Үкімет еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі арнайы жоспар бекітуі керегін де атап өтті. Халық үшін басты жаңалық балаларға арналған «Келешек» ерікті жинақ жүйесін енгізуді тапсырды. Бұл бағдарлама бес жастан асқан балаларды қамтиды екен. Президенттің сөзінше, бағдарлама мемлекеттен берілетін бастапқы білім беру капиталын, жыл сайынғы мемлекет сыйақысын, инвестициялық табысты қамтиды. Ол бұл жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы төңірегінде жиналған қаражат балалардың сапалы білім алуына жол ашатынына сенеді. Болашақты бүгіннен бастаған Призидентіміздің бұл бағадарламасы бізге үлкен қуаныш сыйлады. Әлеуметтік төлем қатары көбейіп. Енді экологиялық аппатты еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленеді. Мемлекет басшысы үкіметтің ұзақ мерзім бойы экологиялық зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қолдау тетігін әзірлегенін, бұл мәселенің көптен бері талқыланып, шешімі табылғанын айтты. Ол үкіметке бұл мәселені тез арада қарастыруды тапсырды. Еліміздің әрбір тұрғыны бей-жай қарамай, өз орнында бола отырып, Әділ Қазақстанның құрылысына және қалыптасуына барынша үлес қосуы тиіс. Ең алдымен, бұл зиялы қауымға, ғылымның, техниканың және мәдениеттің әртүрлі салаларында білімі мен арнайы білімі бар адамдарға қатысты.
Жалпы білім беру жүйесінің міндеті — «ең жақсы қасиеттерді бейнелейтін» жастарды тәрбиелеу. Біз, Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушылары жас ұрпақтың бойында патриоттық, білімділік, еңбекқорлық, тәртіптілік, жауапкершілік, әділдік, үнемшілдік және жауаптылық сияқты қасиеттерді пәрменді тәрбиелеуге тиіспіз. Мұндай қасиеттерге ие ұрпақ үшін қол жетпейтін биіктіктер болмайды.

 

Қалдана Шабдарова,

Жаңаарқа    ауданы
Жұмажанов ауылдық округінің тұрғыны

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *