Суббота, 23.11.2024

Жануарларға жауапкершілікпен қарау керек

Тамаша жаратылыстың бір бөлігі – жануарлар. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабына сәйкес. Есепке алынуға тиіс үй жануарлары тізбесіне енгізілген, жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығымен және өзге де заттық құқықтармен тиесілі, оның ішінде жануарларға арналған анажайлардағы, жануарларды уақытша ұстау пункттеріндегі, жануарларға арналған оңалту орталықтарындағы, зоологиялық питомниктердегі үй жануарлары міндетті есепке алынуға, жануар иесі ауысқан жағдайда үй жануарларын есепке алу қағидаларында көзделген дерекқорда міндетті қайта есепке алынуға жатады. Оның ішінде ит пен мысық міндетті есепке алынса, басқаларын есепке қою жануар иесінің өз еркінде. Қазақ халқы да ежелден бері «Ит – адамның досы» деп, итке жоғары баға берген, тіпті құмай тазыны өздерінің жеті қазынасына да қосқан. Ислам дініңде де жануарларды қорғау аса маңызға ие. Мешітке кіре алатын жалғыз жануар мысық жануары соңдықтан мысыққа қазақ халық аса қамқорлық танытады. Жануарлар дүниесін қорғау-қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бөлігі. Осыған байланысты, қоршаған ортаны қорғаудың барлық талаптары, жануарлар дүниесін қорғау талаптарында есепке алуға болады. Адамдардың браконьерлік сияқты әрекеттерін мүмкіндігінше тезірек жою қажет. Браконьерліктің кесірінен көптеген жануарлар түрлері Қызыл кітапқа енгізілді, ал кейбіреулері жер бетінен мәңгілікке жойылды. Осы уақытқа дейін жануарлардың кейбір түрлерінің саны азайып келеді. Кейбіреулер жануарларды адамдар оларды аулағандықтан ғана құрып кетеді деп қателеседі. Бірақ бұл түбегейлі дұрыс емес. Үй жануарларын есепке алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады. Жануарлар иелерінің дербес деректері қамтылатын ақпаратпен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Үй жануарларын есепке алу ережелеріне сәйкес үй жануарларының иесі үй жануарларын есепке алу өнімін (құралын) өз бетінше таңдайды және сатып алады. Оған чиптер, болюстер және басқалар жатады.

Аудандық ішкі саясат бөлім

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Подростковые суициды: причины и способы профилактики

По республиканской статистике суицидов среди несовершеннолетних, область Улытау далеко не в лидерах. В 2022 году …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *