Суббота, 23.11.2024

Республика күні ұлттық мереке

Республика күні – Ұлттық мереке.

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі туралы декларация қабылданды.

Декларация еліміздің тәуелсіздігінің негізін қалады.

Декларацияда Қазақстанның шынайы егемендігінің барлық атрибуттары бекітілді (өз аумағы мен азаматтығы; мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі мен толықтығы; мемлекеттік бюджет; халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік, мемлекет егемендігінің классикалық рәміздері – Елтаңба, Ту, Әнұран, өзінің ұлттық валютасы).

Сондықтан бұл күн мемлекеттік мереке болып бекітілді.

Алайда 2009 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

2022 жылғы 29 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес аталған Заңға өзгерістер енгізіліп, Республика күні қайта жаңғыртылып, оған Ұлттық мереке мәртебесі берілді.

Қазір түтіні түзу ұшқан елдердің көбі заман талабына сай жаңа технологиялық дамудың жалына жармасқан.

Демек, өзіндік саяси бағыт-бағдары, үдемелі үдерісі бар Қазақстанға да бұл жол жат емес.

Бүгінде еліміз индустриалды-инновциялық дамудың дербес даңғылын таңдап, жеделдетілген бағытын қолға алған.

Яғни, экономиканың қуатын күшейтіп, тамырын тереңдету үшін заманауи талапқа сай өнімді күштердің жаңа құрылымын жасап жатыр.

Өйткені экономикалық мүддеге сүйенген елдің келешегі кемел. Ол, әрине, әлемдік экономикадағы еншімізді еселеп, даму бағытын ширату.

Отандық тауарды өткізу аясында жыл сайын кеңіп келді. Осының бәрі елдігіміздің арқасы. Мемлекет болып қалыптасуымыздың жемісі.

Бабаларымыз бағзы заманнан армандаған осы күнге оңай жеттік пе?

Тар жол, тайғақ кешуге тап болса да, теңдіктің туын көкке көтерген қазақ, сан ғасырлар бойы азаттықты аңсап өтті.

Ереуіл атқа ер салып, елім деп өткен есіл ерлердің ерлік жолдары бүгінде тарихтың қалың беттерінде хаттаулы.

Олардың соқтықпалы соқпақтарда сынбаған сағы, езілмеген еңсесі өскелең ұрпаққа өлмес өнеге. Сол өнеге бүгінгі жастарға қуат беруі керек. Ал олар қуатты болу үшін ұлттық тәрбие басты назарда болса игі.

Біздің басты мақсатымыз — халқымыздың басты құндылықтары болып саналатын бірлікті, тәуелсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында заңдылықты сақтау.

Ж. Еламанов,

Ұлытау облысының прокуроры                                                                                   

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Подростковые суициды: причины и способы профилактики

По республиканской статистике суицидов среди несовершеннолетних, область Улытау далеко не в лидерах. В 2022 году …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *