Суббота, 20.04.2024

Ұлытау облысында 100-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған

Ұлытау облысында Республика күні кеңінен аталып өтіледі. Іс-шаралар қазан айының басында басталып, айдың соңына дейін жалғасады. Бұл туралы брифинг барысында Ұлытау облысы  қоғамдық даму басқармасының басшысы Мереке Мырзабекова мен  мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омар хабарлады.

Жалпы, Ұлытау облысында 100-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Ең маңыздыларының қатарында – бүкіл Қазақстанды жаяу аралаған жерлесіміз Сәрсенбай Қотырашевке құрмет көрсету рәсімі, оған пәтер сыйға тартылды. 14-16 қазан аралығында Жезқазғанда «Бір Ел» республикалық тарихи-ағартушылық жастар жобасы өтті, Сәтбаев қаласында Жастар театрының тұсаукесері өтті. Қазіргі уақытта облыста «Қыран елім – Қазақстан» патриоттық акциясы өтіп жатыр, акция аясында әлеуметтік желілерде патриоттық өлеңдер оқу, Үздік сурет конкурсы және республика күніне арналған ерекше бейне құттықтаулар конкурсы бағыттары бойынша конкурстар өткізілуде.

Білім басқармасы 13-21 қазан аралығында отбасылық бейне құттықтаулар челлендждерін, оқушылар арасында сурет байқауларын өткізеді. Оның жеңімпаздары Астанада өтетін үздік суреттер көрмесіне барады. Республика күніне орайластырылған жаппай экологиялық акция аясында сенбіліктер, абаттандыру жұмыстары өтуде. Облыс тұрғындары мемлекеттік Гимнді жаппай біржолғы орындауға қатысады, 25 қазанда Республика күні Мемлекеттік Ту көтеріледі, автошеру ұйымдастырылады.

Мереке күндері Жаңаарқа ауданындағы 36 пәтерлі үйдің кілті және Ұлытау ауданындағы екі 8 пәтерлі үйдің кілті тапсырылады. Осылайша, мерекеге орай халықтың әлеуметтік осал топтарынан 52 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. 20-22 қазан аралығында «Asar joly» қайырымдылық туры өтеді. 20 қазанда Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде тұрғындардың қатысуымен форум өтеді, оның аясында қайырымдылық шарасы өтеді. 21 қазанда бұл шара Ұлытау ауданында жалғасады.

21 қазанда Сәтбаев қаласында Республика күнін мерекелеу аясында Шынболат Ділдебаевтың 85 жылдығына арналған жыршы-термешілердің облыстық байқауы өтеді.

25-27 қазан аралығында Жезқазған қаласында Қ. Шыңғысовты еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өткізу жоспарланған. Қаражал қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан облыстық турнир өтеді.

20 қазанға жастар кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға бағытталған Жезқазған қаласы әкімінің грантын жас кәсіпкерлерге тапсыру рәсімі жоспарланған. Білім басқармасы жас педагогтарға арналған форум ұйымдастырады. Сонымен қатар, еріктілер, қайырымдылық ұйымдарының күшімен «Жанашыр жүрек» кең ауқымды қайырымдылық акциясы өтеді.

Облыс халқы үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, онда өнім төмендетілген бағамен сатылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының желісі бойынша «Өнеріміз саған, Қазақстан!» патриоттық акциясы, жастар арасында патриоттық автошеру, челлендждер, флешмобтар мен «Мен өз туымды мақтан тұтамын» акцияларын өткізу жоспарланған.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жолдау – ел ертеңінің бастауы

Əр жыл сайын ҚР Президенті Жолдауында өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *