2023 жылғы 4 қазанда сағат 11:00-де Жезқазған қаласы әкімдігінің ғимаратында, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен Агенттіктің 2023 жылғы 20 шілдедегі №04-04/2046 тапсырмасы негізінде және Е. Ж. Сатыбалдиннің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық сауалын қарауға қатысты, Ұлытау облысында тауарлық газды тасымалдауға, газ қазандықтарын орнатуға және үйішілік газ жабдықтарына қызмет көрсетуге баға белгілеу мәселелері бойынша Ұлытау облысы бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Ж.Бегеновпен, “Ұлытау облысы энергетика және ТКШ басқармасы” ММ газбен жабдықтау бөлімінің басшысы А. С. Құлатаевпен, “ҚазТрансГазАймақ” АҚ Жезқаған өндірістік филиалының директоры- Кушинбаев Г.М. және “Асыл Сервис KZ” ЖШС-Омаров М., “UGC Group” ЖШС — Барекенов Ш.А., “Қазмонтаж” ЖШС — Елемес Ш.О. өкілдерімен бірлесіп кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде тұтынушыларды Ұлытау облысындағы табиғи газға қосу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының көрсетілетін қызметтері нарығында баға белгілеу мәселелері, сондай-ақ осы тауар нарығындағы кедергілер мен проблемалық мәселелер тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша хаттама жасалып, мүдделі тараптарға ұсыныстар мен ұсынымдар жолданды.
ТегиҚоғамдық кеңес
Проверьте Также
Бұл жолдаудан күтеріміз көп
«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …