Среда, 17.04.2024

ЖЫЛУ БЕРУ: бүгінгі жайы және алдағы жоспар

Сәтбаев қалалық Қоғамдық кеңестің биылғы жылғы алғашқы отырысы кеншілер қаласындағы «Жылыту маусымының барысы және 2023 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы» мәселені қарады.

Күн тәртібіндегі мәселн бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Кенжеғұлов, «Kazakhmys Distribution» ЖШС жылу электрорталығының бас инженері Жарқын Керімбеков «Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС директоры Ержан Тоқымбаев, «Kazakhmys Distribution» ЖШС «Электр желілері кәсіпорны» директоры Анатоли Кравчук есеп берді.

Баяндамашылардың сөзіне  қарағанда қаладағы жылыту маусымы тұрақты режимде өтіп жатыр. Барлық қызмет көрсету кәсіпорындар материалдармен және жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жедел қызмет көрсету топтары ұйымдастырылған. Қазандықты көмірмен жоспарлы қамтамасыз қатаң бақылауда.

Десек те, тұрғындар тарапынан коммуналдық қызметтердің жұмысына қатысты кейбір шағымдар түсуде. Олар уақытылы қарастырылып, шешіледі. Желілердің тозуына байланысты апаттардың орын алуы да орын алып жатады. Есептерде көрсетілгендей, бүгінгі күні жылу желілерінің тозуы – 56 процентті, су желілері – 75 процентті, кәріз желілері – 85 процентті, электрмен жабдықтау жүйелері – 68 процентті құрайды.

Кеңесте кәсіпорын басшылары мекеме қаражаты мен инвестиция тарту есебінен 2023 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарымен таныстырды. Қалалық жылу желілерін жөндеуге облыстық бюджеттен 857,6 млн. теңге бөлінген.

Мәселені талқылау барысында кеңес мүшелері Есқұла су құбыры ауданын резервтік электрмен жабдықтау мәселесін және қазандықтың қуатын арттыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы өз ұсыныстарын айтты. Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестің шешімі қабылданып, ол барлық жауапты мекемелер мен кәсіпорындарға жеткізілді.

Аманкелді Ақшал.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жолдау – ел ертеңінің бастауы

Əр жыл сайын ҚР Президенті Жолдауында өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *