Четверг, 21.11.2024

Реформа – жаңаша жүйені қалыптастырудың тетігі

Президент Жолдауы: Жаңару бағытымен

Мемлекеттегі  саяси жүйені заманға сай ыңғайлау, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу билік пен бұқараның арасындағы  сенімділікті арттыра түседі.  Ел тізгінін ұстаған басшының мұндай басымдықтарға мән беруі мемлекеттегі ахуалдың тұрақталуына негіз болмақ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі саяси және әлеуметтік, құқық қорғау жүйелерін жаңғыртуды көздеген реформаларды жарияланағы белгілі. Он бағытты қамтитын бұл жаңғыру жолында Конституцияның 30-дан астам бабына, 7 Конституциялық заңға және 15-тен аса заңға өзгеріс енгізу көзделді. Осы мақсатта Президенттің пәрменімен Қазақстан тарихында 2022 жылғы 5 маусымда референдум өтті.  Халық референдумды қолдап, дауыс берді. Референдум арқылы Конституцияның үштен біріне  яғни 33 бабына 56 өзгеріс енгізілді. Ең негізгі өзгерістерге тоқталсақ, Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік формасынан ықпалды парламенті бар президенттік формаға көшті, Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда жоғары лауазымдарды атқаруға тыйым салынды, жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болды. Қазақстандықтар тікелей Конституциялық сотқа жүгіне алады, Қазақстанда өлім жазасы болмайды. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша қалыптасты, Сенаттағы президенттік квота қысқарды, Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаттар болмайды. Императивтік мандат сайлаушылардың қалауы бойынша депутаттың өкілеттігін тоқтатуға мүмкіндік берді.

Конституциядағы мұндай өзгерістер елдің басты құжатының халық кепілі бола алатындығын дәлелдеді.

Реформадағы Президенттік өкілеттілікке шамадан тыс үстемдік беруден бас тарту, Парламенттің рөлін күшейту, саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету, сайлау процессін жаңғырту, Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының ықпалын арттыру, Сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғау, азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлін күшейту сынды бағыттар әділетті мемлекет құрудың негізі болмақ.

Президенттің реформасын жүзеге асыруда Қазақстандағы кәсіподақтар да өз жұмыстарын еңбекші қауымның мүддесін қорғауға басымдық беріп отыр. Әсіресе, кәсіподақ ұйымдары еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшыға қолайлы орта қалыптастыру, құқықтары мен мүдделерін Еңбек Кодексі аясында қорғауда бірізділік жүйеде жұмыс жасауға мүдделі болуы керек. Еңбек адамы – қоғамның басты қозғаушы күші. Сондықтан біз кәсіподақ ұйымы ретінде әрбір еңбеккердің заң тұрғысында құқығының қорғалуына басымдық береміз.  Реформаның негізінде Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы іске асып келеді. Осы негізде тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы әрбір мүшесіне ашықтықты қамтамасыз ете отырып, жұмыс бабында туындаған мәселелеріне, әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп келеді. Қазақстан кәсіподақтар қауымдастығымен бірлесе отырып, біз алдағы уақытта еңбек адамының құқығы мен мүддесін заңдық негізде қорғаудың тетіктерін жетілдіруді қолға алып отырмыз.

Мемлекет және оны құраушы жүйелер жаңғыруымен қаға алға қарай дамиды. Ал, даму дегеніңіз –  болашаққа бастар жол. Біз жаңарған жүйедегі әділетті мемлекет құруды қолға алдық. Енді осы бағыттағы жұмыстардың баянды болуы үшін Президент  айқындап берген жаңғыру жолында аянбай еңбек етуіміз керек.

Әрбір салада орын алып жатқан осы секілді түбегейлі өзгерістер республиканың жаңа дәуірге қадам басуына жол ашуда. Соған сәйкес қоғамдық белсенділіктің жаңа алаңдары да құрылып жатыр. Ал, қандай кезеңде де, қандай өзгеріс болса да халықты бір арнаға тоғыстыратын бірлік, әділдік және адамгершілік екені белгілі. Президенттің алға қойған барлық саяси реформалары, оның негізінде әр салада атқарылып жатқан жұмыстар осы құндылықтар арнасында топтасып, өркендеуге қадам бастайтыны сөзсіз.

Уәлихан НҰРЖАНОВ,
Тау-кен, металлургия және аралас өндіріс
еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *