«Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының қалалық кезеңі басталды.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
1) Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі- бар болса;
5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8)отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
«Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсына құжаттар 2023 жылғы 15 мамыр – 15 маусым аралығында Сәтбаев қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде (2 қабат, 16 кабинет) қабылданады.
Байланыс телефоны: 8(71063)38702