Сәтбаев қаласындағы №286 сайлау учаскесіндегі 1567 сайлаушының 280-і қазіргі кезге дейін өз таңдауын жасады. Жоғары көңіл-күймен белсенділік танытқандар арасында 81 жастағы Шәймерден Жарасбаев бар. Атамыз бұл сайлаудың маңыздылығына тоқталды. ‘Ел ертеңі жастардың қолында. Жастарымыз мықты болса Отанымыздың болашағы жарқын болмақ», — деп ағынан ақтарылған қария сый-сияпатқа ие болды. Таң атпай келіп өз таңдауын жасаған Ольга Дмитриева да сыйлықтан қалыс қалмады. Мүмкіндігі шектеулі үш азамат өз үйлерінде отырып дауыс берді.