Пятница, 19.04.2024

Сәтбаев қаласында 90 жастағы ата мен 84 жастағы әже дауыс берді

Сәтбаев қаласында 90 жастағы ата мен 84 жастағы әже дауыс берді.

~  289 сайлау учаскесінде де тұрғындар тарапынан дауыс беруге ынта басым болды. 90 жастағы кәріс ұлтының өкілі Константин ЮН арнайы учаскеге келіп өз таңдауын жасады. Ал, 84 жастағы татар ұлтының өкілі Нихая Табарова 290-шы нөмірлі сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Қариялардың ашық-жарқын көңілі көпшілікті таңқалдырды. Олар жастарға ақ батасын беріп, ізгі тілегін жолдады.

«Елімізде бейбітшілік пен ынтымақ болсын» деп тілеген Нихая әжеміз арнайы сыйлыққа ие болып, қатты толқып, көзіне жас алды. Технологиялық колледж студенті Азамат Алпысбаев алғашқы рет дауыс беріп, ел болашағының жарқын боларына сенім білдірді. Аталмыш учаскелерде қазіргі кезге дейін сайлаушылардың 50%-ы өз таңдауын жасап үлгерді.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жолдау – ел ертеңінің бастауы

Əр жыл сайын ҚР Президенті Жолдауында өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *