Пятница, 10.05.2024

Ғаламторға тәуелділік – болашақтың індеті

Бүгінде Instagram, Tiktok, YouTube, Telegram, Вконтакте, WhatsApp, Facebook, Twitter секілді әлеуметтік желілерді қолданушылар саны жыл сайын артып келеді. Олардың басым бөлігін балалар мен жасөспірімдер құрайды. Ғаламтордың пайдалы және қауіпті жағы бар екендігі баршаға белгілі. Қазіргі таңда бүкіләлемдік желінің кесірінен адамдарда ойлау, сөйлеу және жазу мәдениті өзгерді.
Бәрінен бұрын жастардың бақылаусыз интернетті қолдануы экстремистік, зорлық-зомбылық сипатындағы ақпаратты қабылдауына жол ашады. Психологиялық дағдыларды терең меңгерген мұндай ақпарат көздерінен жастардың өз еркімен бас тартуы қиын.
Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас жасауға шақырып, виртуалды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарды еліктіріп, есінен айырады.
Интернеттен келетін негізгі қауіптің бірі – жасөспірімдердің санасын улайтын интернет арқылы ойналатын онлайн ойын түрлері көбейді. Олар интернетке қосылған ұялы телефон арқылы қолжетімді болды. Мұндай ойындар адамның психикасына кері әсерін тигізіп, мінезіндегі ауытқушылықты, ашушаңдықты туғызады. Сонымен қатар, жастарды қылмысқа, ұрлыққа, бопсалауға алып келетін іс-әрекеттер жасауға итермелейді.
Instagram, Tiktok – танымалдылықтан бөлек табыс көзіне айналған. Оқушылар да осы әлеуметтік желілерге тіркеліп, танымал болып, оқырман санын көбейту үшін әртүрлі форматтағы видеолар түсіріп жүктейді. Алайда, осы Tiktok желісінде берілген тапсырмаларды жеткіншектерге орындату арқылы оларды өлімге итермелейтін видеолар да жетерлік. Бұның барлығы қоғамға тарап жатқан індет секілді. Ғаламторға тәуелділік ресми түрде «ауру» деп танылды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!», демекші, тәуелділіктің шырмауына түспейтін жолдарды қарастырған жөн. Балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз ғаламтор ортасын құрудың ең негізгі жолы – ата-ана мен балалар арасындағы салауатты қарым-қатынас.

Ләйлә Сүйменбаева,
Жаңаарқа аудандық сотының жетекші маманы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ардагер дойбышылар бас қосты

Ұлы Жеңістің жалауы желбірегеніне биыл 9 мамырда 79 жыл толады. Осы айтулы күнге орай «Қазақмыс» …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *