Вторник, 3.12.2024

Жоғарғы Сот: Дропперлер алаяқтық әрекеттерден келтірілген шығынды төлеуі тиіс

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшының жергілікті соттардың негізсіз баю сомасын өндіру туралы азаматтық іс бойынша сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық өтінішхатын қарады.

Істің түйіні:
Әйел белгісіз тұлғалардың нұсқауы бойынша әрекет етіп, несие рәсімдеп, кейін өз пәтерін басқа адамға арзандатылған бағамен сатып, алған ақшасын жауапкерлердің карточкалық шоттарына түгел аударып бергенін айтып, төрт жауапкерден негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Аудандық полиция бөлімі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, 2023 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен әйел жәбірленуші деп танылған.

Жергілікті соттар белгісіз тұлғалардың әрекетінде алаяқтық белгілері бар екенін, тиісінше, жәбірленушіге қылмыспен келтірілген материалдық залалды өтеу қылмыстық іс аясында шешілуі тиіс деген уәжбен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.
Талап қоюшы сот актілеріне кассациялық сот алқасына шағымданған.

Кассация:
Сот алқасы анықтағандай, пәтерді сату алдында талап қоюшыға белгісіз біреу телефон соғып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, белгісіз біреулер оның пәтерін иемденбек болғанын айтқан.
Артынша талап қоюшыға өзін Ұлттық банктің маманы деп таныстырған басқа адам қосылған. Оның көрсетуі бойынша, әйел екінші деңгейлі банктерден қарызға қаражат алуға өтініш жазып, кейін оны жауапкерлерге аударған.
Осы тұлғалардың ықпалымен талап қоюшы өз пәтерін сатып жіберген. Түскен қаржы жауапкерлердің бірінің есеп-шотына жіберілген.

Азаматтық кодекстің 953-бабына сәйкес заңдармен немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз мүлікті басқа тұлғаның (жәбірленушінің) есебінен иеленіп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), Азаматтық кодекстің 960-бабында көзделген жағдайлардан басқа ретте, негізсіз иеленіп алынған немесе жинақталған мүлікті (негізсіз баю) алдыңғысына қайтаруға міндетті.
Осы баптың 1-тармағында белгiленген мiндет, егер мүлiк иеленіп алынған немесе жинақталған негiз кейіннен жоққа шыққанда да туындайды.
Осы тараудың ережелері негізсіз баю мүлікті иеленушінің, жәбірленушінің өзінің немесе үшінші тұлғалардың пиғылының нәтижесі не оқиғаның салдары болып табылғанына қарамастан қолданылады.
Екінші деңгейлі банктерден алынған түбіртек түрінде ұсынылған дәлелдемелер талап қоюшының төрт жауапкерге 19 миллион теңгеден астам қаражат аударғанын анықтап берді.

Сот алқасы талап қоюшыдан олардың карточкалық шоттарына ақша қаражаттары түскені анықталғандықтан, жауапкерлер бұл сомаларды алудың заңды негіздерін дәлелдемегендіктен, іс бойынша жауапкерлердің негізсіз баюы орын алған деген қорытындыға келді.
Ақша түскеннен кейін жауапкерлер оны алу себептерін анықтау шараларын қолданбағандықтан, Сот алқасы олардың ақшаны басқа тұлғаларға аудару бойынша кейінгі әрекеттерін өз қалауы бойынша иелік ету деп санады.

                     

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *