Четверг, 21.11.2024

Биыл жаңа мектеп формасын алу міндетті ме? Министрлік жауабы

Кей өңірлерде білім басқармалары ата-аналар қауымдастығы және қамқоршылық кеңестерімен келісе отырып, бірыңғай түсті енгізу туралы шешім қабылдады.

Алдағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады. Өткен жылдағыдай заңнамалық нормалар қолданылады. Яғни оқушылар бұрын сатып алған немесе дайындаған формамен мектепке еркін келе алады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

«Сонымен бірге ата-аналардан кейбір мектептерде мектеп формасына қойылатын талаптар, яғни түс, киім дизайны бойынша талаптар нақты жеткізушілерге немесе өндірушілерге сәйкес жасалғаны туралы шағымдар бар. Осыған байланысты кейбір өңірлерде білім басқармалары ата-аналар қауымдастығы және қамқоршылық кеңестерімен келісе отырып, әр мектеп өз талаптарын қоймауы үшін өңірде бірыңғай түсті енгізуді, сол арқылы ата-аналардың таңдауына шектеу қою туралы шешім қабылдады», – деп жазылған хабарламада.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, бұл балаларды шектемейді. Оқушылар бұрыннан бар мектеп формасымен мектепке келе алады.

«Бірақ бұл балаларды шектемейді, яғни олар бұрыннан бар мектеп формасымен келе алады. Облыс бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін белгілеуге тоқтала кетсек. Бұл нақты жеткізушілерге талаптар қою тәуекелдерін барынша азайтып, қолжетімді форманы сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқу жылына дейін атаулы әлеуметтік көмек алатын немесе жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайға тап болған отбасылардан шыққан 418 мың балаға көмек көрсетілетінін атап өтемін. Оларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан қолдау көрсетіледі», – деді Гүлмира Кәрімова.

novoetv.kz

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Мнение о необходимости строительства АЭС

Уважаемые друзья/читатели! Я бы хотел высказать свое мнение по поводу необходимости строительства АЭС в Республике …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *